Жекеменшік балабақша ашылды

Атбасар қаласында мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында «Арай» балабақшасының есігі айқара ашылып, осынау салтанатқа аудан әкімі Аманбек Қалжанов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Атбасар қаласының 175 жылдық тойына орай, біраз шаруалар атқарылды. Бір кезде Тың қақпасы деп аталған шағын шаһар тотыдай таранды. Ата-аналар мен сәбилер де қуанышқа молынан кенелді. Қаланың көрікті жерінің бірінде «Арай» балабақшасы бой көтерді. Аудан әкімі Аманбек Қалжанов өз құттықтау сөзінде Елбасының тәуелсіз Қазақстанның дамып-нығаюына қосқан үлесін ерекше атап өтті. 140 сәбиге арналған «Арай» балабақшасы қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылған. Әр топ үшін спорт және музыка бөлмелері бар. Жатын орындар жылы да жайлы. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында осы балабақшаны салып берген кәсіпкерлерге атбасарлықтар дән риза.
Қалымбек МҰХАМЕДЖАНОВ.
Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар