Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әл-Фарабидің музыка жайлы еңбектері - АРҚА АЖАРЫ

Әл-Фарабидің музыка жайлы еңбектері

Әбу Насыр әл-Фараби өз заманындағы ғылымның барлық дерлік саласын зерттеп, соңында өлмес мол мұра қалдырған ғұлама. Бүгінгі күні мәдениет саласы деп саналатын, ғылымға онша қатысы жоқ музыка жайында да ғұламаның ғылыми еңбектері бар. Соның ең бастысы – «Музыканың үлкен кітабы». Тағы бір айта кетерлік жай, Фараби музыканы жақсы көріп қана қоймай, көптеген саз аспаптарында ойнай да білген, тіпті, өзі саз аспабын жасаған.
«Музыканың үлкен кітабында» Әбу Насыр әл-Фарабидің грек математигі Птоле­мейдің, Феллистидің еңбектеріне сүйен­генін байқауға болады. Әбу Насыр әл-Фараби аталмыш кітабында қандай да бір теориялық өнер болмасын адам баласының кемелдікке үш жағдайда жете алатынын айта келе:
– «біріншісі – оның негізін толық білу;
– екіншісі – сол өнерде бар заттар негіз­дерінен қажетті түрде шығатын нәр­селерді;
– үшіншісі – басқа теоретиктердің пікірін байқау, айтылған сөздің дұры­сын табу және олардың арасында қателес­кендердің қатесін дұрыстай білу қабі­леттілігі» – дейді де «Музыканың үлкен кіта­бының» неге екі кітап екендігіне тоқ­талады.
«Музыканың үлкен кітабында» уд, сурнай, танбур, рабаб, шаһруд секілді өзге де аспаптар аталады және олардан шығатын үндер жайлы жан-жақты баяндалады. Осы аспаптар ішінен жиірек аталатыны – уд.
«Музыканың үлкен кітабы» музыка­лық-энциклопедиялық шығарма. Онда өнердің атқарар рөлі анықталып, музыка­ның шығу тегі, орындау өнері, эстетика, му­зыканы қабылдау психологиясы, әнді, әуенді орындау шеберлігі, музыкалық ас­пап­тардың шығу тарихы секілді музыка өне­ріне байланысты өзекті мәселелер сөз болған.
Әбу Насыр әл-Фараби өзіне дейінгі және өз заманы кезіндегі музыкаға байланысты ізденістерге адал баға берген. Музыкалық жанрлар, музыкалық талант мәселесі де Отырар ойшылы назарынан тыс қалмаған. Ол орындау шеберлігін жетілдіруге де назар аударған. «Вокал музыкасын, халық әнін өнер түрлерінің қайнар көзі», – дейді Әбу Насыр.
Енді жоғарыда аталған музыкалық аспаптардың кейбіріне жеке тоқтала ке­тейік. Музыкалық аспаптар ішінен ол шаһ­рудт­ың тарихына арнайы тоқталған және оны Орта Азиямен байланыстырған. Енді ғұламаның осы саз аспабы туралы жазғандарына назар аударайық.
«Араб мемлекеттерінде құрметке ие ас­пап ішінде жоғары деңгейге ие музы­ка­лық аспап – шаһруд. Оның ойлап табыл­ғанына көп бола қойған жоқ. Көне замандарда ол белгісіз болатын.
Оны ең әуелі ойлап тапқан Самарқан­нан шыққан соғдылық Хулайс бин Ахус. Оны ол әуелгіде Маһ немесе Джабал шаһа­рында жасап шығарды. Бұл Искандер (Александр, Македонский) тізбесі бойынша 1228, ал, арабша (һиджраша) 306 жыл болатын. Содан соң оны огдианаға алып келді. Ол солтүстікте және жетінші ықы­лымға қатысты жұрттар маңын жай­лаған елдерде. Ол жұрт шығысқа қарай солтүстік ендіктің 45 градусында. Самар­қан музыканты өзі ойлап тапқан аспапты сол және сонымен шекаралас ел халқы тыңдады. Олардың бәрі де шаһрудты өте жақсы бағалады. Ол бойынша орындалған ноталар сол жердің халқының құлағына жағымды тиді.
Содан соң Хулайс бин Ахус оны өзімен Бабылға (Вавилонияға) алып кел­ді. Ол кезде Согдианада ең күшті араб билеу­шілері ғұмыр кешіп жатқан еді. Содан соң оны алып Бағдадқа аттанды. Одан әрі Мысырға жеткізді. Әрі қарай Месопотамия мен Сирияға (Шамға) да апар­ды. Осы аспаппен (Шаһруд­пен) бар­лық көне елдердің және сол жұрт­тардың жаңа әуендері орындалды» деп жазады отрарлық ғұлама.
Лютня (бұрынғы замандағы ішекті музыкалық аспап) Танбур (шығыс халық­тарының үш ішекті музыкалық аспабы. Оны Әбу Насыр Бағдад және Хорасан танбуры деп екіге бөліп қарастырған.
Арфа, канун – музыкалық аспап, маза­мир – сыбызғы, флейта, мизаф – музыкалық аспаптың бір түрі, рабаб – үрмелі аспап, сурнай – керней, уд музы­калық аспап, гипжақ (Қыпшақ) – Әбу Насыр­дың өзі ойлап тапқан (жасаған) аспап делінеді. Уд Таяу және Орта Шығыс, Кавказ, Орта Азия, Сирия мен Мысыр, Греция мен Армения, Түркия, Иран, Әзербайжан халықтарына да тараған. Кезінде оны Испанияға (Андалусияға) парсы текті әнші, сазгер Зирияб әл-Муғанни апарып таралуына ықпал еткен деседі. Осы елдердің бәрінде де ол уд деп аталады. Ол араб тілінен аударғанда ішек және аққу мойын дегенді білдіреді.
Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығын зерттеген профессор М.С.Бурабаев: «Әл-Фараби философ гуманист сияқты музыка мен оның даму заңдылықтарын тарихи эволю­ция көзқарасы тұрғысынан қарастыр­ған» – деп жазды.
Интернет материалдары бойынша дайындаған
Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар