Сайлауалды іс-шаралар аясында «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы және депутаттыққа үміткер Азат Перуашев әріптестерімен бірге Нұр-Сұлтан қаласындағы вагон жөндеу зауытында болды.
Кездесу барысында Азат Перуашев жұмысшылармен бизнеске қандай қолдау қажеттігін, жұмыс орындарын сақтау үшін не істеу керектігін сұрады. Сонымен бірге, кездесуде кәсіпорындарды экономикалық аймақтарда 10 жылға дейін салық төлеуден босату туралы идеясы талқыланды. Сондай-ақ, нарықта 5 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан бизнес өкілдеріне инвестицияларының 50 пайызын қайтарып беру мәселесі көтерілді. Саясаткерлер өз кезегінде зауыт жұмысшыларының салықтық амнистия өткізу туралы пікірлерін тыңдады.
Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.