Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тәуелсіз елдің негізі жарқын істермен қаланды - АРҚА АЖАРЫ

Тәуелсіз елдің негізі жарқын істермен қаланды

Жуырда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің тарихи бастамалары тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараның ұйымдастырушысы – «Қоғамдық келісім» мекемесі. Дөңгелек үстелге қоғамдық, этно бірлестіктердің, аудандық және қалалық ішкі саясат бөлімдерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Іс-шара онлайн режимде өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік құрылыс, ішкі және сыртқы саясат және елдің қауіпсіздігі мәселелеріне қатысты маңызды тарихи бастамаларды жиі көтергені белгілі.
Дөңгелек үстелге қатысушылар жер бетіндегі бейбітшілікті, елдегі бірлік пен ұлтаралық келісімді нығайту, мемлекетімізді еуразиялық интеграция шеңберінде дамыту, ЭКСПО-2017 ұлттық жобасын іске асыру арқылы елдің саяси имиджін нығайту тұрғысындағы Тұңғыш Президенттің негізгі бастамаларына тоқталды.
Осы мәселелер бойынша Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшелері, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі А.Қапышев, облыстық мәслихаттың депутаты, Қазақстан орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы филиалының төрағасы Г.Осиненко, Еувразиялық саясат институтының жетекшісі М.Крамаренко және Қазақстан инновациясы қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Әбішева баяндама жасады.
Жарыссөзде сөз сөйлеген Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Вайнах» шешен-ингуш орталығының төрағасы Г.Яндиев, «Қоғамдық келісім» мекемесі ақпарат бөлімінің басшысы С.Сәдуақасов және басқалары Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің елді жаңғырту, конституциялық реформаны жүзеге асырудағы бастамалары туралы күн тәртібіндегі мәселелерге белсене үн қосты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар