Абай клубы ашылды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай, Макин орта мектебінде «Абай» клубының ресми ашылуы өтті.

Салтанатты рәсімге мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері, клуб мүшелері қатысты. Мектеп директорының міндетін атқарушы Толыбай Рақымжанов Абай кабинетін салтанатты түрде ашып, лентасын қиды. Клуб мүшелігіне шығармашылықпен айналысатын, сөз өнерін бағалайтын оқушылар қабылданып, «Абай» клубының куәлігі таратылды.
Жиын барысында сондай-ақ, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айсұлу Өмірзаққызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мәнсия Сәбикенқызы клуб мүшелігіне қабылданған оқушыларды құттықтап, Абай мұрасы кеңінен насихатталуы, өскелең ұрпақ ұлы ақын туралы білуі тиіс екенін айтты.
«Абай» клубының  мақсаты Абай мұрасын оқыту арқылы шығармашылықпен айналысатын, рухани дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Клуб жұмысы барысында отырыстар, дөңгелек үстелдер, пікірсайыстар, суреттер байқауы ұйымдастырылып, эссе, шығарма жазу, газет беттеріне мақала жариялау, Абайдың өлеңдері мен қарасөздерін оқып, әндерін орындап, көріністер қою жоспарлануда.
Нұрсұлу ЕРКІБАЕВА,
Макин орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Біржан сал ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар