Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бабалар арманы – аманат - АРҚА АЖАРЫ

Бабалар арманы – аманат

Жер-жаһандағы әр адам еркіндікте, азаттықта ғұмыр кешу бақытын көксейді. Керек болса, сол еркіндік үшін, азаттық үшін аянбай айқасып, жанын қияды.

Еркіндік, азаттық біздің халқымыздың ежелгі арманы еді. Қазақстан егемендік алғанға дейін, үш жүз жылға жуық бодандықтың бұғауында, жетпіс жылдан аса кеңестік жүйенің шырмауында болдық. Сол көптен күткен, талай ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге 29 жыл толып отыр.
Құлағыма өткен тарих тереңінен «елім-ай» деген ата-бабамыздың зарлы үні келеді. Бұл үнде көздерінен қанды жас ағып, азаттық жолында құрбан болған талай-талай боздақтардың ұрпаққа қалдырған аманаты жатыр. Тәуелсіздік үшін күрес қанша қасиетті болса, сол күрес тарихы да, оның қаһармандарының есімдері де қасиетті. Сол арман күні кешеге дейін жалғасып, жиырма тоғыз жыл бұрын бақыт құсындай қолымызға қонды.
Өзіңе бүгін қызыға елім, қарадым,
Шалқытып көңіл, шарықтап енді барамын.
Тарихты терең үңіліп еске аламыз,
Сағым боп жылдар судырлатқанда парағын.

Қалсыншы артта көрген небір азабың,
Саналы әрі ұлтжанды болып ұрпағың.
Шалқи бер мәңгі, шалқи бер мәңгі қазағым,
Өзіңе бүгін, жүректен жыр жазамын!
Тәуелсіз ел екенімізді ең алдымен, өзіміз ескеріп, өзіміз мақтан етуіміз керек. Біз бүгінгі жақсы өміріміз үшін осы жерді қорғаған қайсар бабаларымыздың аруағының алдында қашан да қарыздармыз.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай! – деп шын ниетімді білдіре отырып, өзімнің осы сезімімді жүрекжарды өлең жолдарымен білдіргім келеді.
Бақыт құсы қонды елімнің бағына,
Жас ұрпағым, бақыт құсын тайдырма.
Ғасырларға жалғастырып тірлікті,
Дақ түсірме ата-баба арына.

Үлгі болсын ата-баба ерлігі,
Ұлағатты өсиеті, еңбегі,
Тәуелсіздік туын ұста жоғары,
Бүгінгі ұрпақ – тәуелсіз ел ертеңі!
Ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан бабалар аманатын орындап, одан әрі жалғастыру біздің еншімізге тиген ардақты іс екенін жүрегіммен сезініп, мақтан етемін.

Меңдігүл ЖАМАНОВА,
Көкшетау қаласындағы №21 орта мектеп-лицейінің жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар