Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кәсіпкердің құқығы қорғалды - АРҚА АЖАРЫ

Кәсіпкердің құқығы қорғалды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызметінің маңызды бағыттарының бірі – кәсіпкерлікті ынталандыру, сондай-ақ, кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау болып табылады. Кәсіпкерлік қызметке байланысты мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Жалпы, бүгінгі таңда кәсіпкерлердің өтініштері олардың құқықтарын қорғаудың және билік пен халық арасындағы байланысты нығайтудың маңызды құралы, сонымен қатар, түрлі мәселелерді шешу кезіндегі маңызды ақпарат көзі болып табылады.
Өтініштерді қарау барысында департамент құқық бұзушылыққа жол берген тұлғаларды жауапкершілікке тартып қана қоймай, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалыпқа келтіру бағытында да жұмыс істейді.
Мысалы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Целиноград аудандық бөлімі мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру үшін жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерінен нотариалды куәландырылған сенімхатты заңсыз талап еткен болып шықты. Осыған байланысты департамент тексеріс жүргізгеннен кейін өтініш берушінің құқықтары қалпына келтірілді.
Тағы бір мысал, екі кәсіпкердің өтініштерін қарау қорытындысы бойынша Көкшетау қаласының әкімдігі «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметінің көрсетілуін қамтамасыз етті.
Басқа кәсіпкерге «Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің, сондай-ақ, кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету» мемлекеттік қызметін алу кезінде жәрдем көрсетілді.
Департаменттің жауапты қызметкерлері өтініштерді қарау барысында көрсетілген мәліметтерді жан-жақты зерделеу үшін өтініш білдірген тұлғалармен сапалы әрі тұрақты кері байланысты қамтамасыз ететінін атап өткен жөн.
Әділбек МҰхамеджанов,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облыстық департаментінің мемлекеттік қызметтерді көрсету басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар