Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Асыра сілтеудің астарында не жатыр?..  - АРҚА АЖАРЫ

Асыра сілтеудің астарында не жатыр?.. 

«Ашық бюджет» жобасы аясында Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті «Ақмола –адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мамандарымен бірлесіп, бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін бақылау мақсатында, Ашық бюджеттердің интерактивті картасының Рublicbudget.kz сайтына мониторинг жүргізді.

Жедел іс-шара қорытындысында бірқатар мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторда сатып алу, жұмыстар және қызмет көрсету бағасының асыра жоспарланғаны анықталды.
Мәселен, Степногорск қаласы білім бөлімінің бюджеттік бағдарлама әкімгері қылқан жапырақты ағаштан тілінген тақтайларды жалпы сомасы 4400000 теңгеге, яғни, бір данасын 80000 теңгеден сатып алуды жоспарлаған болып шықты. Алайда, құрылыс материалдары нарығын және басқа ұйымдардың мемлекеттік сатып алу жоспарларын талдау барысында, ұқсас тауардың орташа құны 800-ден 2000 теңге аралығын құрайтыны белгілі болды. Өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ведомствосының жоспарланған тауарларға оңтайлы бағаны қайта қарау және белгілеу туралы ұсыныстарынан кейін мемлекеттік сатып алу бағасы төмендетілді. Нәтижесінде қалалық білім бөлімінің бюджет қаражатының жалпы үнемделуі 4300000 теңгені құрады.
Сондай-ақ, «Көкшетау жылу» мемлекеттік кәсіпорны металл дәнекерлеу электродтарының әрқайсысын 1456 теңгеден сатып алуды жоспарлап, жалпы 9629984 теңге қаржы жұмсауды ұйғарған. Шын мәнісінде әлгі электродтың әрқайсысының бағасы 549 теңгеден аспайды. Департаменттің ұсыныс хатынан кейін қаржы операциясы қайта қаралып, кәсіпорынның 6 миллион теңгелік қаржысы үнемделіп отыр. Өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының араласуымен «Степногорск водоканал» кәсіпорнында 7 миллион теңгеге жуық мемлекет қаржысының артық жұмсалуына жол берілмеді. Кәсіпорын құбырлардан су таратудың шойын тетіктерін сатып алу үшін бастапқыда 1470000 теңге (әр данасы 85 мың теңге) бөлуді жоспарлаған.
Жалпы, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жүргізген мониторинг барысында, жоспарланған мемлекеттік сатып алу бағасын төмендету арқылы үстіміздегі жылы 350 миллион теңге бюджет қаржысының үнемделуі қамтамасыз етілді. Департаменттен алынған деректер бойынша, бүгінгі күні «Ашық бюджеттердің» интерактивті картасында өңір ұйымдарының жалпы сомасы 401,4 миллиард теңгеге тең 2800-ден астам бюджеттік қатынастар қаржысы орналастырылған.
Бақберген Амалбек,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар