Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа Неке сарайы салынуда - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа Неке сарайы салынуда

Өткен сейсенбі күні облыс әкімі Сергей Кулагин Көкшетау қаласын аралап,  облыс орталығын көркейту бағытында қолға алынып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

  Өңір басшысы облыстық ауруханада болып, медициналық мекемеде қолға алынған күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Мұнда тындырылып жатқан істер жөнінде әңгімелеп берген аурухананың бас дәрігері Серік Аяғановтың айтуынша, асхана, терапия және патанатомиялық бөлімшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 300 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінген. Оның 250 миллионға жуығы  5 қабатты терапия бөлімшесіне, 23 миллионы патанатомиялық бөлімшеге жұмсалып отыр. Қазіргі кезде жөндеу жұмыстары 95 пайызға орындалған.
Осы орайда, облыс әкімі аурухананың маңын абаттандыру жұмыстарына ерекше тоқталды.
–Аурухана емделетін орын ғана емес, дем алатын саябақ сияқты құлпырып тұруы керек. Науқастардың бір мезет сыртқа шығып, таза ауа аясында дем алуы маңызды. Ол үшін әрине, тиісті жағдай жасалуы қажет.  Әсіресе,  аурухана ауласын шіріген ағаштардан тазартып, оның орнына жас ағаш көшеттерін отырғызу керек. Дем алатын орындықтар қойған жөн, – деді өз сөзінде өңір басшысы.
Облыс орталығында Темірбеков және Әбілқасымов көшелерінің түйісер тұсында Неке сарайы салынып жатыр. Оның құрылысын мердігер «Ақсәуле» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алуда. Жоба бойынша нысанның құрылысы 284 миллион теңгеге бағаланып отыр. Қазіргі кезде іргетасы қаланып, қабырғасы тұрғызылуда.  2016 жылы жаңа Неке сарайы толыққанды жұмысына кірісіп, жас жұбайларды тіркей бастайды деп жоспарланған. Құрылыс жұмыстарымен танысқан облыс әкімі жергілікті құрылыс материалдарын пайдалана отырып, жұмыс қарқынын арттыруды тапсырды.
Облыс әкімі Абылай хан даңғылындағы 9-шы үйде лифті орнату, Абай, Бейбітшілік, Әуезов және Набережная көшелерінің бойындағы үйлердің ауласын абаттандыру, Абай көшесінің бойындағы №155 және №159 тұрғын үйлердегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы арқылы  қолға алынған күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, Пушкин көшесіндегі №25 тұрғын үйде де болып, тұрғындармен кездесті. Осыдан бір ай бұрын өңір басшысы жұмыс бабымен аталған үйде болған еді. Онда тұрғындар үйлерінің жертөлелері суға толып, канализация жүйесі дұрыс жұмыс істемегендіктен, жағымсыз иіс қолқаны қабатынын айтып шағымданған болатын. Қазіргі кезде облыс әкімінің тапсырмасына сай, жертөлені судан тазарту жұмыстары қолға алынып, канализация жүйесі жөнделді. Үй ауласына тұрғындардың жүріп тұруына ыңғайлы болу үшін қиыршық тас төселді. Жылы рәуіште өткен кездесуде тұрғындар өздерінің бірауыз өтінішіне құлақ асып, уәдесінде тұрған облыс әкіміне шексіз алғысын білдірді.
Сонымен қатар, өңір басшысы Горький көшесі мен Абылай хан даңғылының түйісер тұсындағы Мақтай тауында болып, облыстық, қалалық мәслихаттардың бірқатар депутаттарымен бірге ағаш отырғызу шарасына қатысты. Биыл қала бойынша барлығы 7 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артық. Оның ішінде қарағай, қайың, терек және алма ағаштары бар. Күн суытып, жер қатқанға дейін бұл жұмыстар одан әрі жалғаса бермекші. Осы ретте, өңір басшысы қала әкімі Ермек Маржықпаевқа ағаш көшеттерін аса бір ұқыптылықпен, молынан отырғызуды тапсырды.
Одан әрі облыс әкімі Көкшетау қаласына Астана бағытынан кіре берісте қалпына келтіріліп жатқан қақпаның құрылысына назар аударды. Осы орайда, құрылыс жұмыстарын қолға алған «Орта Көкше» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшыларына кейбір кемшіліктерді түсіндіріп, тез арада  жоюды тапсырды.

 

Аслан ОСПАНОВ

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар