Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа 2021 жылмен құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа 2021 жылмен құттықтауы

Қадірлі отандастар!

Санаулы минуттан соң 2020 жыл тарих қойнауына енеді. Осы мерейлі мезетте ескі жылмен қоштасып, болашаққа бағдар түземіз. Бұл – бәріміз жайдары көңілмен бір-бірімізге ақ тілек арнайтын айрықша сәт.

Өтіп бара жатқан жыл күллі әлем жұртшылығының есінде қалатын ерекше жыл болды. Дүние жүзі бұрын-соңды болмаған алапат індетпен бетпе-бет келді.  Біздің халқымызға да оның зардабы тиді. Осындай қиын кезеңде тұтас ұлт болып бірлігіміздің қадір-қасиетін жете сезіндік. Дертке шалдыққан әрбір адамның тезірек сауығып кетуін тіледік. Бірақ, індет адам талғамайды. Пандемияның салдарынан көптеген азаматтарымыздан айырылып қалдық. Олардың ішінде елімізді өркендетуге зор үлес қосқан танымал тұлғалар да бар.  Өмірден өткен адамдардың имандары саламат болсын! Енді мұндай қасірет қайталанбасын. Бұл үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Әр азамат мемлекеттің қамқорлығында болады. Алдағы жылдан бастап коронавирусқа қарсы тегін вакцина егуді бастаймыз.  Оны азаматтардың қалауымен, ерікті түрде жүргіземіз.

Осы күрделі кезеңде халқымыз береке-бірлігі мен ынтымағын арттыра түсті. Отандастарымыз бір-біріне қол ұшын беріп, жанашырлық танытты. Бұл – шын мәнінде, ізгілік пен қайырымдылықтың үлгісі.  Ең бастысы, біз бәріміз бірге болдық. Мемлекет тарапынан миллиондаған адамға қолдау жасалды. Біз қоғамның игілігі үшін қажырлы еңбек етіп жүрген азаматтардың жұмысын бағалай білдік. Дәрігерлер, мұғалімдер, тәртіп сақшылары, еріктілердің ерен ерлігіне куә болдық. Бұл азаматтар – бейбіт күннің нағыз батырлары. Оларға халқымыз шексіз риза.

Дорогие соотечественники!

Через несколько минут мы встретим Новый год. 2020 год запомнится нам как время тяжелых испытаний, драматических событий.

Общими усилиями мы смогли уберечь экономику от глубокого падения, сохранив созидательный потенциал в производстве, сельском хозяйстве, бизнесе. Мы выстояли перед напором новых вызовов. Проявили стойкость и солидарность, в сложнейших условиях решали не только повседневные задачи, но и обеспечивали поступательное развитие страны. Поэтому наш народ по праву может гордиться своими достижениями в этом непростом году.

Мы вступаем не просто в очередной новый год. Мы, по сути, входим в новый мир, в новую эпоху. Несмотря на все трудности, мы уверенно смотрим в будущее и пойдем вперед!

Келе жатқан Жаңа жыл – қасиетті Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы. Біз егемен еліміздің тарихындағы төртінші онжылдыққа қадам басамыз. Бұл – шын мәнінде, аса маңызды белес. Біз келешекте Қазақ елінің қуатын одан әрі арттыра түсеміз.  Барлық саладағы реформалар лайықты жалғасын табады.

Менің басты миссиям – халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту үшін сабақтастыққа негізделген тиімді саясат жүргізу. Біз аспен де, таспен де ұлттық мүдделерімізді табандылықпен қорғаймыз. ХХІ ғасырдың жиырма бірінші жылы толағай табыстарға, жаңа жетістіктерге толы болады деп сенемін.

Хочу обратиться ко всем гражданам нашей Родины. Пандемия коронавируса, к сожалению, не позволила некоторым из вас проводить уходящий год в праздничной атмосфере. Но я уверен, что уже в скором времени все мы, как и прежде, вновь ощутим радость живого общения друг с другом, с родными и друзьями.

От всей души желаю всем вам здоровья, счастья и благополучия! Пусть в каждом доме царит согласие, достаток и веселье! Берегите друг друга, заботьтесь о близких!

Отдельные поздравления хочу адресовать тем, кто сейчас находится на службе и боевом посту. Народ ценит ваш труд!

Мы встречаем 2021 год с большими надеждами. Это естественно. Каждый из нас верит, что в его судьбе и в жизни всей страны произойдут перемены к лучшему.

Пусть все наши желания исполнятся и Казахстан станет еще сильнее!

Қымбатты отандастар!

Осы бір ерекше сәтте бәріміздің арман-үмітіміз бір арнаға тоғысады. Бұл – мерекелік ақжарма тілек. Босағадан еніп келе жатқан жыл берекелі болсын! Тек жақсылық пен қуаныш әкелсін! Әрбір шаңыраққа, әрбір отбасына амандық, бақыт, ырыс тілеймін! Отанымыз өркендей берсін!

Жаңа жыл құтты болсын, ағайын!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар