Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Басты құндылығымызды бағалауымыз қажет - АРҚА АЖАРЫ

Басты құндылығымызды бағалауымыз қажет

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында егеменді еліміздің өткені, бүгіні мен келешегі жөнінде айтылады.

Тәуелсіздік алғаннан бергі 30 жылдың ішінде біршама жетістіктерге қол жеткізгеніміз белгілі. Алғашқы онжылдықта Қазақстанның іргетасы қаланып, мемлекеттік нышандар белгіленді, билік жүйесі қалыптасты. Мемлекет басшысы өз мақаласында теңгенің айналымға енгізілгенін, Қарулы Күштеріміз құрылғанын, Ата Заңымыз қабылдағанын айтты. Сондай-ақ, осы жылдары шетелдермен дипломатиялық қатынас орнатылды. Еліміз беделді халықаралық ұйымдарға мүше болды. «Қазақстан – 2030» стратегиясы қабылданды. Шекарамызды бекітіп, ел аумағын ядролық қарудан толық тазарттық. Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы бой көтерді, отандық бизнестің негізі қаланды. Жастар шетелдерде білім ала бастады. Ұлттық қорымыз құрылып, түрлі дағдарыстан аман өттік. Алыстағы ағайындар ата жұртқа көшіріліп, ұлттық рухымыз көтерілді.
Екінші онжылдықта мемлекетімздің тұғыры нығайып, экономикалық әлеуетіміз арта түсті. «Мәдени мұра» бағдарламасы жүзеге асырылды. Солтүстік Арал теңізі кері қайтарылды. Елімізге шетелден қомақты инвестиция тартылды. Ауқымды инфрақұрылымдық жобалар қолға алынды. Тұрғын үй құрылысы да қарқынды дамуда. Үшінші онжылдықта шекара мәселесін толық шештік. Әр бағыт бойынша ауқымды мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылғаны көңілге қуаныш ұялатады. Осынау табыстарға Елбасының сындарлы саясатының, халқымыздың бірлігі мен ынтымағының, олардың қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткізгеніміз ақиқат.
Президент алдағы төртінші онжылдықта саяси-экономикалық реформаларды және сананы жаңғырту үдерісін жалғастырып, заман талабына бейімделген ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру қажеттігін, тұрғындардың тұрмысын жақсарту керектігін айтты. Мемлекет басшысы тарихқа көз жүгіртіп, бабаларымыздың басынан өткен қиын-қыстау заманды еске салды. Тоталитарлық кезеңде айырылып қала жаздаған ұлттық құндылықтарымыз Тәуелсіздіктің арқасында халқымызға қайта оралды. Пандемияның салдарынан туындаған дағдарыс жаңа сынақтармен бетпе-бет келіп отырғанымызды анық көрсетуде. Оның үстіне жер жүзіне жағымсыз идеологиялық вирустар жайылып келеді. Жаһандану кезінде ел жат жұрттың ықпалына қалай түскенін де аңғармай қалады. Сондықтан, жаңа заманның жақсы-жаманын екшеп, тамырымызды берік сақтауымыз қажет.

Қаныбек БІЛӘЛОВ,
Абай орта мектебінің директоры.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар