Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мақсатқа жетудің формуласы - АРҚА АЖАРЫ

Мақсатқа жетудің формуласы

Мына дүниеде Жаратқанның себеп-салдар заңы еш мүлтіксіз және жүз пайыздық дәлдікпен жұмыс жасауда. Әрбір  нәрсенің себебі мен салдары бар. Кез-келген әрекет себеп болса, оның нәтижесі – салдары. Бұл заңды білу арқылы адам оны өз мүддесі үшін тиімді пайдалануына мүмкіндігі бар.

Бәрі ойдан басталады

Өзін-өзі дамыту ғылымының докторы Сайдмұрод Давлатовтың пайымынша, біздің өмірдегі жолымыз, жеткен жетістіктеріміз – бәрі ойдан бастау алады. Ойды бұлақ десек, біздің өмір жолымыз бен жетістіктерімізді – өзен және сол өзен құятын теңізге теңеуге болады. Яғни, біздің өмір жолымыздың бастау бұлағы – ой.
Кванттық физиканың  пайда болуы – адам ойының материалды екендігін анықтады. Иә, ой материалды зат. Қазіргі күні адам ойын өлшейтін арнайы құрылғы да шықты. Адам ойы радиотолқын сияқты түрлі өлшемде әрекет етеді екен. Ашу- ыза, қатты қорқыныш немесе қуану, шаттану – бәрі ой өлшемін жоғарылата түседі. Дегенмен, жақсы және жаман сезім әкелетін ойлар бір бағытта емес, екі бағытта қозғалады.
Қуану мен шаттану, рахаттану – бұл адамды жоғары сезім деңгейіне көтерсе, керісінше қорқыныш пен үрей, түңілу, ашу-ыза  сияқты ой толқындары төмен қарай құлдыратпақ. Адам миы бір сәт те тыныш тұра алмайды. Адам тіпті, ұйықтап жатқанда да түрлі нәрселерді ойлап, яғни, ой туғызып жатады.

Ақыл-ойды басқаруға бола ма?

Сайдмұрод Давлатовтың пайымынша, ойдан эмоциялық ахуал, яғни, көңіл-күй туады, одан елес пайда болады.  Ең соңында осы үшеуі белгілі бір нәтижеге жеткізеді. Яғни, нәтиженің формуласын былай деп жазсақ болады:
О (ой) + К (көңіл күй) + Е (елес)  =  Н (нәтиже).  Бұл формула барлық уақытта, барлық жағдайда 100 пайыздық дәлдікпен жұмыс жасайды. Егер сіз ойыңызды бақылап және басқарып, мақсатты түрде белгілі бір бағытқа бағыттайтын болсаңыз, нәтижесі өзіңіз күткендей болып шығады. Ал, керісінше, ойыңызға еш бақылау жасамасаңыз, онда ой сізге қарсы жұмыс жасай бастайды.
Мысалы, сіз жазда демалыс алып, табиғаты тамаша өңірдегі шипажайға барып дем алсам деп армандадыңыз делік. Сіздің арман-ойыңыздың салдарынан көңіл-күйіңіз де өзгеріп, көтеріңкі бола түсті. Өйткені, табиғаты көркем жерде шипажайда дем алу, мөлдір суға шомылып, күнге қыздырыну, жалпы дем алу кімге ұнамасын. Содан әлгі ойдан туған көңіл-күй әуенімен енді сіз демалысыңызды көз алдыңызға елестете бастайсыз. Табиғат аясында дем алып жүргеніңіз, шалқар көлде қайықпен жүзіп, жағажайда  қыздырынып жатқаныңыз – бәрі кенет көз алдыңызға келе қалады.
Ал енді осының нәтижесі не болады дейсіз ғой? Сіз осы ойды ойладыңыз да кейін ұмытып кеттіңіз. Бірақ, сіздің санаңызға  терең сіңіп, эмоциялық көңіл-күй, одан елес әкелген бұл жай бостан босқа кетпейді. Жоғарыдағы формулаға сай  О+К+Е=Н болады. Сөйтіп, сол жазда сіз күтпеген жерден шипажайға барып, өзіңіз армандағандай табиғат аясында демалатын боласыз.
Ал енді соындай жай кері бағытта да жүреді. Мәселен, сіз емтиханға дайындалып, ұсынылған 30 билет сұрақтарының 28-ін оқыдыңыз делік. Сіздің түсінігіңізше, 30 билеттің 28-інің бірін алу мүмкіндігі сізде мол. Дегенмен де, көңіліңізге күдік келе қалды дейік. Ол күдік: бәлкім маған оқымаған әлгі екі билеттің бірі келсе не істемекпін дейді. Осы күдік санаңызды билеп алады да, содан ол қорқынышты көңіл-күй шақырады. Ал, ол дами келе өзіңіздің дәл әлгі оқымаған екі билет сұрағын алған сәтіңіз түріндегі елеске жетелейді. Енді нәтижеге жету формуласы бойынша  О+К+Е=Н, яғни, сіз өзіңіз оқымаған екі билет келсін деп Кеңістікке немесе Жоғарғы санаға тапсырыс бердіңіз. Ал, Жоғарғы сана сіздің тапсырысыңызды дәл орындайды. Сөйтіп, сіз әлгі күдікті ой жетегімен пайда болған өзіңіз оқымаған екі билеттің бірін алатын боласыз.

Ойыңызды жақсылыққа бағыттаңыз

Осы мысалдардан көріп отырғанымыздай, егер сіз ақыл-ойыңызды өзіңіз бақылап, басқармасаңыз, саналы түрде өзіңізге қажет бағытқа бағдарламасаңыз, онда ой күмән-күдік, қорқыныш сияқты сезімдердің жетегімен теріс бағытқа алып кетеді.
Сондықтан, ойыңызға алған мақсат-мұратыңызға жетемін десеңіз, ақыл-ойыңызды қолыңызға алыңыз, яғни, ойыңызға бақылау жасап, оны басқарыңыз. Ол үшін саналы түрде жаман ойлардан қашып, әрдайым жақсылық жайында ойлаңыз. Адамның ең үлкен дұшпаны КҮМӘН, ҚОРҚЫНЫШ деп аталатын құбыжықтар. Ондайға ешқашан жол бермеңіз.
Брайан Трейсидің айтуынша, күнде таңертең ерте тұрып, бүгін мен үшін сәтті күн болады деп өзіңізді сондай сәттілікке бағдарласаңыз күніңіз сәтті өтпек. Көтеріңкі көңіл-күйді санаңызға сіңіріңіз. Күнде осылай жасай отырып, оны сіз берік әдетке айналдырасыз және мақсатты түрде жақсылыққа өзіңізді бағдарлайсыз. Нәтиже формуласы бойынша жақсы ойдан жақсы нәтиже шығады. Осы орайда, қазақтың айтқан «жақсы сөз – жарым ырыс» деген нақылының ақиқаттығын түсінуге болады.

Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар