138 314 сайлаушы дауыс берді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде партиялық емес байқаушылардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары сайлауының облысымызда өту барысы туралы брифинг өтті.

Ақмола облысының байқаушылары штабының жетекшісі Ерлан Зәкірияновтың айтуынша, 10 қаңтар сағат 13.00-дегі жағдай бойынша өңірімізде 138 314 сайлаушы дауыс берген. Облыс аумағында Молдова, Франция, Финляндия, Ресей және Германия мемлекеттерінен 13 халықаралық байқаушы тіркелген.

Олар Целиноград, Шортанды аудандары мен Көкшетау, Степногорск қалаларындағы сайлау учаскелерінде болған. Сайлау процесіне қатысты ешқандай заңбұзушылық тіркелмеген. Сонымен қатар, Ерлан Жәкімұлы штаб штаттық режим бойынша жұмыс істеп жатқанын, сайлауға азаматтық қоғам атынан қатысып жатқан байқаушылардың барлығы сайлау ережелерін жақсы білетіндігін айтты.

Сондай-ақ, брифингте «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі Ақмола облыстық филиалының төрайымы Ирина Терентьева сөз алып, байқаушылар сайлау комиссияларының саяси науқанға жақсы дайындықпен келгенін, сайлау учаскелерінде санитарлық талаптар қатаң сақталып жатқанын атап өткенін айтты.

Венера Талғатқызы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар