Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұқпалы дерт өршіп барады - АРҚА АЖАРЫ

Жұқпалы дерт өршіп барады

Ақмола облысы коронавирус инфекциясын жұқтыру матрицасы бойынша «қызыл» аймақта тұр. Өңірде індет күн сайын өршіп барады. Соңғы тәулікте 68 науқас тіркелген. Сондықтан, облыстың бас санитарлық дәрігері сақтық шараларын қатаң сақтауды талап етуде.

Өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайында бақылап отырған қызмет мамандарының ағымдағы жылдың 15 қаңтарына берілген мәліметтерге сүйенетін болсақ, облыста өткен жылдың наурыз айынан бастап осы күнге дейін коронавирусқа шалдыққандардың саны 8085 адамға жетіпті. Бұл лабораториялық жолмен расталған оқиғалар. Індет жұқтырғандардың басым бөлігі ересектер екендігін бұған дейін де айтқанбыз.
Қазіргі таңда облыста індетке шалдыққан науқастардың 7068-і емделіп шыққан. Өкінішке орай, денсаулығында қосалқы аурулары бар 97 адам аты жаман індеттің құрбанына айналды.
Қазіргі уақытта стационарлық емханаларда 471 адам емделіп жатса, 305-іне дәрігерлер медициналық көмекті амбулаторлық түрде көрсетуде. Індет жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған 3266 адам үй карантинінде, медицина қызметкерлерінің бақылауында.
Коронавирусқа шалдыққандардың басым бөлігі түрлі мекемелерде істейтін қызметкерлер мен зейнеткерлер. Атап айтқанда, қызметкерлер саны –1136, зейнеткерлер – 1225, мемлекеттік қызметшілер – 450, мектеп оқушылары – 278, медицина қызметкерлері – 267, күштік құрылымдары – 201, вахталық қызметкерлер – 145, студенттер – 76, тағы басқа мамандықтар бойынша –
614 жағдай тіркелген.
Соңғы аптада алдыңғы аптаға қарағанда 16 жағдай көбірек тіркелген. Тәулігіне 68 оқиға лабораториялық жолмен расталып, олармен байланыста болған 84 адам мониторингке алынды.
Аумақтар бойынша жекелей алсақ, Көкшетау қаласы алдыңғы орында. Мұнда 35 науқас, Зерендіде – 5, Бурабайда – 10, Бұландыда – 4, Жарқайыңда – 2, Егіндікөл мен Ақкөлде – 1 оқиғадан тіркелді.
Осы ретте, облыстың бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина:
– Коронавирус пандемиясы бойынша өңірдегі жағдай өте күрделі. Әркім өзінің денсаулығын күтіп, жақын адамдарына жанашыр болуы керек. Жасы 60-тан асқан адамдар себепсіз далаға шықпасын, қоғамдық жерлерге бармаңыздар. Барлығы өз қолдарыңызда. Балаларды ауа райына байланысты киіндіріп, қауіпті індеттен сақтай біліңіздер,–деп, карантин талаптарын сақтауға шақырды.
Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар