Суға түскенде абай болайық!

Биылғы жылдың 19 қаңтар күні өтетін провослав христиандарының ежелгі және ең маңызды мерекелерінің бірі – «Крещение господня» мейрамында облыс бойынша суға түсетін арнайы орындар белгіленіп, қауіпсіздік шаралары қолға алынды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Доспаев айтты.

Ведомство басшысының айтуынша, былтырғы жылы бұл мереке күні облыс бойынша 15 мыңнан астам адам суға түскен екен. Олардың арасында ауырғаны немесе жазатайым оқиғаға ұшырағандар туралы деректер тіркелген жоқ.
– Біздің облыстың «қызыл аймаққа» өткендігін ескерсек, жекелеген талаптар санитарлық эпидемиологиялық қызмет тарапынан да болады. Ал, суға түсу рәсіміне келетін болсақ, бүгінгі таңда өңірде 31 монша дайындалған. Көкшетау қаласы мен Егіндікөл ауданы, Целиноград ауданы және Біржан сал аудандарында да дайындық жүргізілуде, – деп атап өтті Қанат Доспаев.
Соңғы кездері тек православ христиандары ғана емес, сонымен бірге, өзге адамдар да осы күні суға түсуді әдетке айналдырған. Біреу хайп үшін, біреу денсаулықты осылай нығайтамыз деп ойлайды. Сондықтан, құтқарушылар тұрғындарды суға түскенде абай болуға шақырады!
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар