Пошта қызметі жандана түседі

Көкшетау қаласында «Қазпошта» акционерлік қоғамының осыдан біраз жыл бұрын жабылып қалған Ақмола облыстық филиалы қайта ашылды.

Жыл өткен сайын «Қазпошта» акционерлік қоғамы ұсынатын қызметтер жанданып келеді. Қызмет көрсету аясы жақсарып, цифрлық технологиялар кеңінен қолданылуда. Әсіресе, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде еліміз бойынша көптеген франчайзинг нүктелері ашылып отыр.
Ақмола облысында да байланыс құралдарының жұмыс сапасын арттыру қарқынды жүргізілуде. Осы мақсатта облыс аумағында атқарылып жатқан істер жетерлік. Соның ішінде, 2015 жылдары оңтайландыру барысында Нұр-Сұлтан қалалық филиалына біріктірілген «Қазпошта» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалы қайта ашылып отыр. Филиалдың директоры болып, осы жердің тумасы, пошта саласында ұзақ жылдар басшылық қызметте болған Қайрат Бекенов тағайындалды.
Жаңа басшыны ұжымға таныстырған «Қазпошта» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары Жанбота Бөкенов оның жұмысына сәттілік тілеп, компанияның алға қойған стратегиялық жоспарлары мен міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыратынына сенім білдірді.
–«Қазпошта» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалы бір кездері еліміздегі ең үздіктер қатарында болған еді. Кейін оңтайландырудың нәтижесінде біріктіруді бастан кешті. Енді міне, араға 5-6 жыл салып, қайта ашылып отыр. Бұл біздерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Алдағы уақытта пошта жұмысын жандандыру бойынша ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Соны ұжыммен бірлесіп атқаратын боламыз, – деп атап өтті Қайрат Бекенов.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар