Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауруды асқындырып алмас үшін нені білуіміз керек? - АРҚА АЖАРЫ

Ауруды асқындырып алмас үшін нені білуіміз керек?

ЖРВИ мен тұмау маусымының басталуы да коронавирусты анықтауда қиындық туғызғаны жасырын емес. Олардың белгілері ұқсас болғанымен, емдеу тәсілдері мүлде бөлек.

Осы орайда, Нұр-Сұлтан қаласындағы көпсалалы медициналық орталығына қарайтын қалалық инфекциялық орталықтың басшысы Татьяна Цечоева коронавирустан сақтану және оны асқындырып алмау жолдарын айтып берген болатын.
Ауруханаға кімдер дереу жатқызылады?
Келесі санаттарға жататын адамдар коронавирус жұқтырса, дереу ауруханаға жатқызылады. Олар, өкпесінің 30 пайызы қабынғандар және өкпенің қанша пайызы қабынғанына қарамастан, пневмониясы өршігендер. Қант диабетімен ауыратындар. Аса артық салмаққа ие жандар. Түрлі жүрек-қан тамырлары ауруына (әсіресе, артериалды гипертензиясы барлар) шалдыққандар және аяғы ауыр әйелдер.
Сондай-ақ, коронавирус жұқтырған науқастың үйде емделуге не оқшаулануға мүмкіндігі болмаса, жедел жәрдем көлігімен бірден стационарға жеткізіледі.
Вирусты өршітіп алмау жолдары қандай?
Дәрігер ең бірінші кезекте өз бетімен емделуді тоқтату қажеттігін айтады. Бірақ, өзге де сырқаты бар науқастар бұрыннан қабылдап жүрген базалық препараттарын қабылдауды тоқтатпауы тиіс. Яғни, коронавирус жұқтырған уақытта да, кейін стационардан шыққан күнде де бұрынғы режимді сақтап, препараттарды қабылдауды жалғастыру керек.
Covid-19 әр адамда әртүрлі деңгейде өршиді.
Сол себепті, антибиотик пен антикоагулянт қолдану салдарына тоқталсақ, антибиотик те, антикоагулянт та коронавирусқа қарсы профилактикалық шара ретінде қолданылмайды. Бұл препараттар тек емдеу кезінде және коронавирус салдарымен күрес үшін ғана тағайындалады. Мәселен, сырқат пневмонияға ұласқан кезде өкпенің тамырлары бітеліп, бактериялық флораның белсенді болуына байланысты не жаңа бактериялық флораның қосылуына байланысты өкпе қабынады.
Коронавирус иммундық жүйені де әлсіретеді. Сондықтан, бөлмені желдететіп тұрған дұрыс. Өйткені, коронавирустан сақтану үшін жеке гигиена мен үй тазалығы қатаң талап етіледі. Егер үйде коронавирус жұқтырған науқас оқшауланған болса, бұл бөлме міндетті түрде желдетілуі керек.
Созылмалы ауруы бар адамдар нені ескеруі керек?
Бұл санаттағы азаматтар коронавирустан сақтану үшін міндетті түрде оқшаулануы тиіс. Өйткені, коронавирус жұқтырып алса, созылмалы ауруы асқынып, емделу қиынға соғуы мүмкін. Сондықтан, мүмкіндігінше инфекция жұқтыру қаупі бар қоғамдық орындарға бармауы керек. Созылмалы ауруы бар адамдарда коронавирустың алғашқы белгісі пайда болса, дереу медицина қызметкеріне жүгінген абзал. Дәрігер оны емдеудің әдістемесін айқындайды.
Жедел жәрдемді қай кезде шақырған дұрыс?
Адамның дене қызуы парацетомол қабылдағаннан кейін де түспесе, бұл жедел жәрдем қызметіне хабарласу керектігінің белгісі. Сондай-ақ, мұндай белгілерге кеуде тұсының ауыруы (бұл тромб түзіле бастағанының белгісі), тыныс алудың тым жиілеуі де жатады. Бұл симптомдар пневмонияның асқынып бара жатқанының симптомдары.
Инфекцияның алғашқы негізгі белгілері
• дене қызуының көтерілуі;
• бұлшық еттердің ауыруы;
• бас ауруы;
• иіс, дәм сезу қабілетінің әлсіреуі.
Аурудың бұл белгілері бір уақытта немесе жеке-жеке де байқалуы ықтимал. Денеде әлсіздік байқалып, үнемі тер басады. Бұл белгілер байқалған жағдайда науқас жергілікті емханаға хабарласуы қажет.
Коронавирус пен тұмаудың айырмашылығы.
Вирусты аурулардың белгілерінің бәрі ұқсас. Бірақ, емдеу тәсілдері мүлде бөлек. Айталық, коронавирус инфекциясы негізінен оны жұқтырған адамның өкпесін нысанаға алады. Адамның өкпесінде тромб түзілуі мүмкін. Осыдан кейін бактериялық флораның белсенділігі күшейіп, өкпе қабынады. Бұл жағдайда әдетте ЖРВИ мен тұмау барысында вирусқа қарсы иммунитетімізді күшейтетін дәрілер қабылданады. Алайда, олар бактериялардың белсенділігін одан әрі арттырып жіберуі ықтимал. Сондықтан, дұрыс диганоз қоймайынша, өздігінен емделуге болмайды.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар