Көкшетауда орнатылатын ескерткішке қаржылай қолдау көрсетейік!

Ақмола облысының еңбек ұжымдарына, орта және шағын кәсіпкерлік нысандарына, барша жұртшылығына
Ү Н Д Е У

Қазақ елі үшін жан-тәнімен адал қызмет етіп, халқының үкілі үмітіне айналған Көкшенің ардақты азаматы Еркін Нұржанұлы Әуелбеков 2020 жылғы 22 маусымда 90 жасқа толды. Кешегі кеңестік дәуірде оның есімі мен істері одақта дәуірлеп тұрды. Мәскеудегі К.Тимирязев атындағы академияны бітірген соң алғашқы еңбек қадамын агроном болудан бастап, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері дәрежесіне дейін көтерілді. Социалистік Еңбек Ері атанды. 1965-1967 жылдары Қазақ ССР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, Астық өнімдері және құрама жем өнеркәсібі министрі болған Еркін Әуелбеков 1968-1988 жылдары Көкшетау, Торғай және Қызылорда облыстарын басқарды. Жиырма жылдың ішінде ол басқарған бұл өңірлерде ғасыр жүгін арқалайтындай стратегиялық маңызы зор өміршең бағдарламалар жүзеге асырылды.
Мәселен, Көкшетау облысы астық өндіруден Кеңес Одағы бойынша алғашқы ондықтың қатарында болды. Өнеркәсіп пен құрылыс бұрын-сонды болмаған қарқынмен дамыды. Бас шаһарымызда жаңа аэропорт, темір жол вокзалы, мәдениет сарайы салынып, жаңа тұрғын аудандар пайда болды. Еркін Нұржанұлының өлшеусіз еңбегінің арқасында Көкшетау еліміздің сәулетті қаласына айналды. Ең бастысы қазақ ауылдарының негізінде совхоздар құрылып, жергілікті ұлт өкілдері басшылық қызметке тартылды. Ондаған жылдар бойы бұрмаланған кадр саясаты осылай салтанат құрды.
Аралдың аянышты тағдырына, Байқоңырдың әлеуметтік ауыр жағдайына, Сыр өңірінің түйткіл тіршілігіне Мәскеудің көзін жеткізіп, бес бірдей қаулы қабылдатты. Торғайдың ең даласына жол тарттырып, жаңа кен орындарын аштырды. Бұл ел ардағы Еркін Нұржанұлының шапағатымен жүзеге асырылған жасампаз істердің бір парасы ғана.
Еркін Нұржанұлы Әуелбековтің 90 жылдығына орай, Көкшетауда республикалық ғылыми-практикалық конференция, Грек-рим күресінен республикалық турнир, басқа да мәдени-көпшілік шаралар өткізу жоспарланғанымен коронавирустық пандемия бұл жобаға елеулі өзгерістер енгізді. Алайда, облыстық және Көкшетау қалалық ардагерлер кеңестерінің бастамасымен «Өлке даңқын асырғандар» кітабы шығарылып, Қ.Сәтпаев көшесі, 15 үйдің қабырғасында орнатылған мемориалдық тақта маны абаттандырылды.
Ақмолалық зиялы қауым мен әріптестерінің, шәкірттерінің өтініші бойынша республика үкіметі ұлы тұлғаға Көкшетау қаласында ескерткіш орнату жөнінде шешім шығарды. Осыған орай, ескерткіш орнататын орын ретінде Еркін Әуелбеков мен Смағұл Сәдуақасов көшелерінің қиылысы белгіленді. Осы қағиданы негізге ала отырып, Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» мемлекеттік-коммуналдық мекемесі Көкшетау қаласында Еркін Әуелбековке орнатылатын ескерткіштің үздік жобасына ашық республикалық конкурс өткізді. Жеңімпазды Мәдениет және спорт министрлігі анықтайды.
Құрметті жамағат! Ескерткіш жеке тұлғалардың, демеушілердің қаражатына салынатын болғандықтан көптен армандаған ізгілікті істің сәтті шешім табуы өзіміздің жоғары саналылық танытып, дер кезінде қолдау жасауымызға байланысты. Сол себепті меншіктің қай түріне жататындығына қарамастан, еңбек ұжымдарын, кәсіпкерлер мен қарапайым тұрғындардан «Еркін Әуелбеков қоры» қоғамдық қорына қаржы аударуларыңызды өтінеміз.
Деректемелер: «Еркін Әуелбеков қоры»
БИН/ИИН: 200340018351.
Текущий счет (IBAN счет) КZТ: КZ9796520F0007519551
Банк: филиал АО «ForteBank» в г.Кокшетау
SWIFT код: IRTYKZKA
БИН банка: 061241002275
Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы аласыздар: 8 747 198 34 12 және: 8 701 710 68 18.

Еркін Әуелбековке ескерткіш
орнату жөніндегі облыстық ұйымдастыру комитеті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар