Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қыстың қамы сөз болды - АРҚА АЖАРЫ

Қыстың қамы сөз болды

Кеше облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген кезекті аппарат кеңесінде Астана қаласында өткен Ақмола облысы азық-түлік жәрмеңкесінің қорытындысы және тағы басқа да бірқатар  өзекті мәселелер қаралды.

Аппарат кеңесінде облыс әкімі  алдымен, республикалық «Хабар» телеарнасына 20 жыл толуына байланысты осы арнаның Ақмола облысы бойынша меншікті тілшілерін мерейтоймен құттықтап, сый-сияпат жасады. Атап айтқанда,  24 КZ  арнасының меншікті тілшісі Сәуле Құсайыноваға облыс әкімінің Алғыс хатын және тілшілер қосынына  екі камера тапсырды. Сондай-ақ, «Хабар» арнасының меншікті тілшісі Дамир Шайдаров, екі арнаның да телеоператорлары Евгений Шинкоренко, Анатолий Поляный Алғыс хаттарына ие болды.
Бұдан әрі облыс әкімі басқа жұмысқа ауысуына байланыс-ты өз өтінішімен облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметінен босатылған Гүлжанар Шөкееваға осы саладағы жемісті жұмысы үшін алғыс білдіріп, естелік сыйлық табыс етті. Сонымен бірге, Ринат Галлямовты жастар істері жөніндегі басқарманың басшысы болып тағайындалуымен құттықтап, жұмысына табыс тіледі.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров сөз алып, Астана қаласында өткен Ақмола облысы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің қорытындысы
туралы жан-жақты баяндап берді. Облысымыздың қалалары мен аудандары түгел қатысқан жәрмеңке жоғары деңгейде ұйымдастырылып, астаналық тұрғындардың көңілінен шыққаны айтылды. Жәрмеңкеде жүздеген тонна азық-түлік өнімдері ғана сатылып қоймай, сонымен бірге, облыс көркемөнерпаздарының  үлкен тобы өнер көрсеткен көрінеді. 200 сатушылық орындық 80 сауда шатыры құрылып, тұтынушыларға тауар ассортиментінің түр-түрі ұсынылған. Осы жәрмеңкеден арнайы есеп газетіміздің бүгінгі санында жарияланып отыр.
«Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының  басшысы Амантай Сейфуллин өз сөзінде биыл көктемгі егіс науқанында облыс диқандары 5 миллиард 112 миллион теңгенің несиесін алғандығы, бүгінгі күнге дейін оның 3 миллиард 900 миллион теңгесінің қайтарылғанынан хабардар етті. Аршалы, Атбасар, Жарқайың және Еңбекшілдер аудандары алған несиелерінің 90 пайыздан астамын қайтарып отырса, бірқатар аудандар қарыздарын әлі жарым-жартылай ғана өтеп отыр.  Оның үстіне өткен жылдардан бері қарыздары жинақталып қалған өңірлер де бар. Облыс әкімінің айтуынша, Зеренді, Қорғалжын, Сандықтау, Целиноград, Шортанды, Ерейментау аудандарында өте қиын жағдай қалыптасқан. Сондықтан да, кеңес үстінде жағдайдың бетін бері бұру жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Алдағы санаулы күндерде биылғы жылдың 1 миллиард 100 миллион теңге қарызына қоса, өткен жылдардың қарызын да  қайтару ауыл шаруашылығы құрылымдарының алдында тұрған  бірден-бір басты міндет.  
Биыл бір құптарлығы, қысқы жылу беру маусымы ың-шыңсыз, ойдағыдай басталып отыр. 25 қыркүйекте барлық мекемелерге жылу берілсе, 1 қазаннан бастап тұрғын үйлер де жылу жүйесіне қосылды. Әзір жылудың қанағаттанғысыз берілуі жөнінде арыз-шағым байқалмайды. Қолда 223 мың тонна отын қоры бар. Бұл екі айлық қордың 126 па-йызын құрайды.  Оның үстіне Үкімет тарапынан да қысқы жылу беру маусымына облысқа көмек ретінде қосымша қаржы бөлініп отыр.
Облыс әкімі өзінің қорытынды сөзінде атқарылып жатқан осы жұмыстарды құптай келе, тосыннан түскен қалың қардан туындаған кейбір қиындықтарды да болдырмай, облыс орталығы мен өзге елді мекендердің көшелері мен жолдарын таза ұстау, көктайғақтың алдын алу жөнінде тапсырма берді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар