Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
COVID-19-дың симптомсыз түріне шалдыққандар қауіпті - АРҚА АЖАРЫ

COVID-19-дың симптомсыз түріне шалдыққандар қауіпті

COVID-19-дың симптомсыз түріне шалдыққандар коронавируспен ауырғандардан әлдеқайда қауіпті. Мұндай пікірді медицина ғылымдарының докторы, эпидемиолог Сәкен Әміреев білдірді.

–Қазақстанда және көрші елдерде ахуалдың тұрақталғаны байқалады. Алайда, бұл ешқандай проблема жоқ дегенді білдірмейді. Бұған карантин шараларының арқасында қол жеткізіліп отыр. Дегенмен, карантин шараларын сәл ғана босаңдатса, бірден ушығып кетеді. Сондықтан, босаңсуға болмайды. Коронавирусқа қатысты айта кетер тағы бір жайт, адамдардың 70 пайызы оның симптомсыз түрін бастан кешіреді. Осыған байланысты көпшілік симптомсыз өткені жақсы деп ойлайды. Жақсы ештеңесі жоқ. Бұл адамдар өзгелерге жұқтырады. Олардың өздері ауырмағанымен, коронавирусқа шалдыққандарға қарағанда әлдеқайда қауіпті,–деді С.Әміреев.

Оның түсіндіруінше, коронавирустың симптомды түрімен ауырған адамдар оқшауланып, емделеді. Ал, вирустың симптомсыз түрін жұқтырғандар тест тапсырмастан емін-еркін жүре береді. Сол арқылы ол айласындағы дені сау адамдарға вирус жұқтырады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар