Вакцинация коронавирусты жеңудің жалғыз тиімді шешімі

Вакцинация коронавирусты жеңудің жалғыз тиімді шешімі

Вакцинация коронавирусты жеңудің жалғыз тиімді шешімі. Мұндай пікірді медицина ғылымдарының докторы, эпидемиолог  Сәкен Әміреев білдірді.

–Жаппай вакцинациялау – бұл мәселенің бір ғана дұрыс әрі тиімді шешімі. Бұл ретте, жатыр мойны обыры және өзге де ауыруларды тудыратын табиғи шешек, полиомиелит, вирусты гепатит, қызылша, эпидпаротит, пневмококк пневмониясы сынды ауыр инфекциялармен күресте жаппай вакцинациялау жоғары тиімділігін көрсеткендігін мысалға алуға болады. 1980 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өте қауіпті инфекция саналып келген табиғи шешектің толықтай жойылғанын жариялады. Жер бетінің барлық тұрғындарын жаппай вакцинациялау аурудың алдын алумен қатар, табиғи шешек түріндегі вирустың да жойылып кетуіне септігін тигізді, – деді Сәкен Әміреев  коронавирустың жаңа толқынын талқылауға арналған дәріс барысында.

Сонымен қатар, ол Қазақстанда коронавирус инфекциясының екінші толқыны басталып, жүріп жатқанын баса айтты.

–Ауруға шалдығудың бір шама төмендеуі шектеу шараларының арқасында мүмкін болды. Дегенмен, аталған шаралар жеңілдетілгеннен кейін науқастану көрсеткіші қайта өрши бастады. Бұл жайт карантин режимін жеңілдету туралы қабылданған шешімнің уақытынан бұрын орын алғандығын көрсетеді,– деді С.Әміреев.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *