Алдан тек жақсы нәрселерді күту керек

Ертеде бір кедей өмір сүреді. Оның аппақ әдемі жылқысы болады. Сол елдің небір бай-сұлтандары жылқының өзінен он есе артық ақша, алтын берем десе де, ол жылқысын ешкімге сатпайды. «Мұны неғылмақсың? Сатып жағдайыңды түзеп алмайсың ба?» дегендерге де жауап қатпайды.Бір күні жылқы жоғалып кетеді.

Сауғалап жүрген жұрт: «Әне, босқа ұрланып кетті. Тым болмаса сатқаның дұрыс еді» деп жазғырады. Ол болса: «Оның ұрланған-ұрланбағаны белгісіз. Мүмкін, өзі кетіп қалған шығар. Мүмкін, мен үшін қайырлысы осы шығар» дейді де қояды. Барлығы оны есінен адасқан деп күледі.
Арада он бес күн өткенде жылқысы қайта оралады. Жалғыз емес, екі құлынымен келеді. Біраз уақыт өтеді. Құлындары өсіп, әлгі жігіттің жалғыз ұлы оларды мініп жүргенде құлап аяғын сындырып алады. Жұрттар тағы да: «Бұл бие басыңа бәле болды. Одан да жоғалып кеткені дұрыс еді. Енді көрмеймісің, қолғанат болып отырған ұлың майып болды» – дейді.
Жігіт оларға: «Олай тым қатты кінәламаңдар. Осылай болғаны дұрыс болар, қайырлысы осы болар» – дейді тағы да.
Арада біраз уақыт өткенде елде соғыс басталып, жас жігіттердің барлығы сонда шақырылады. Әлгі кісінің баласы аттан құлап, аяғы сынғаннан қалып қояды. Ауыл адамдары: «Сен дұрыс айтыпсың. Балаңның аяғы сынып, қасыңда қалды. Ал, біз балаларымыздан айырылып қалдық» – деп кейиді.
Манағы адам оларға: «Бір нәрсе туралы кесіп-пішіп пікір айту дұрыс емес. Алдағы болатын нәрсені ешкім де білмейді. Барлығы бір Алланың қолында. Сондықтан, әрбір болған істі қайырлысы осы болғай деп алдан тек жақсы нәрселерді күту керек», – деп жауап береді. Олай болса, мына коронавирус кезінде де әр қиындыққа сабыр қылып, қайырын тілейік!
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар