Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бір тәулікте 219 науқас тіркелді - АРҚА АЖАРЫ

Бір тәулікте 219 науқас тіркелді

Ақмола облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, қаңтардың 24-іне дейінгі жағдай бойынша облысымызда COVID-19 вирусы лабораториялық расталған 9518 жағдай тіркелген. Бұл көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 1291,6-ны құрайды.

Соның ішінде 5933 науқаста вирустың симптомды, ал, 3585 адамда симптомсыз түрі анықталған. Осы күнге дейін індеттен 99 адам қайтыс болған. Өлім-жітім көрсеткіші 1,06-ны құрайды. Вирус жұқтырғандардың басым көпшілігі бұрынғыша ересек адамдар. Барлық науқастардың 8,3 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар.
Коронавирус диагнозы көбінесе науқастардың емханаларға өздері барып қаралу кезінде қойылған. Сондай-ақ, коронавирусқа шалдыққан науқастармен байланыста болған тұлғалар арасында тест жүргізу және профилактикалық скринингтер кезінде де індет жиі анықталған.
Ақмола облысы эпидемиологиялық жағдайға байланысты бірнеше аптадан бері «қызыл» аймақтан шыға алмай отыр. Эпидемиологиялық қызметтің мәліметтерін алып қарасақ, жағдай күн санап ушығып барады. Бір тәуліктің өзінде облыста 219 лабораториялық расталған COVID-19 вирусының анықталуы тұрғындардың денсаулығына үлкен қауіп төніп тұрғанын көрсетеді. Сол себепті, өзіміздің және жақындарымыздың денсаулығына барынша сақ болайық, бас санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген ережелерді ұстанайық! Вирустың ешқандай белгісі жоқ деп, бейқам жүре беруге әсте болмайды. Әлем ғалымдары вирустың симптомды түріне қарағанда симптомсыз түрі әлдеқайда қауіпті екенін айтып дабыл қағуда. Себебі, ауру белгісі жоқ науқастар басқаларға қарағанда вирусты анағұрлым көп таратады екен. Бір тәулікте коронавирус жұқтырған науқастармен байланыста болған 594 адам бақылауға алынған.
Бүгінгі таңда COVID-19 вирусымен қатар, осы вирус белгілеріне ұқсас пневмонияға шалдығу деректері де тіркелуде. Мәселен, өңірімізде бір жұманың ішінде мұндай диагноз 51 адамға, ал соңғы тәулікте 2 адамға қойылған.
Осы ретте, айта кетсек, соңғы тәулікте вирус анықталған науқастардың басым көпшілігі Көкшетау, Степногорск қалалары мен Бурабай, Есіл, Зеренді, Жарқайың, Целиноград аудандарының тұрғындары. Ал, індеттің оқушылар арасында таралу көрсеткіші бойынша Көкшетау қаласы көш бастап тұр. Індет жұқтырған 179 оқушының 70-і дәстүрлі, 109-і қашықтықтан білім алып жатқан балалар. Эпидемиологиялық қызмет мамандары оқушылар арасында індеттің таралуына карантин талаптарының сақталмауы себеп болғанын айтады.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар