Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Мұхтар» із кесіп, қылмыстың ашылуына көмектесті - АРҚА АЖАРЫ

«Мұхтар» із кесіп, қылмыстың ашылуына көмектесті

«Мұхтар» деп аталатын қызметтік ит велосипед ұрлаған күдіктіні анықтауға көп пайдасын тигізді. Қылмыс Көкшетау қаласының іргесіндегі Краснояр ауылында жасалды.

Жәбірленушінің өтінішінде қаскүнем өзіне тиесілі «Аист» маркалы велосипедін ұрлап әкеткенін көрсеткен. Ер адам екі дөңгелекті көлікті дүкен тұрағына қалдырған, шығын сомасы 35 000 теңгені құрады.
Полицейлер арызданушылардың дер кезінде жүгінуі мүліктік қылмыстарды сол тәулікте ашуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Полицияға хабар келіп түскеннен кейін жедел-тергеу тобы дереу оқиға орнына кинологпен және «Мұхтар» лақап аты бар қызметтік итпен бірге шықты.
Оқиға орнын тексеру кезінде Мұхтар ізді алып, бірден полиция қызметкерлерін дұрыс жолға шығарды. Қызметтік ит кинологпен бірге күдіктінің қозғалыс бағыты бойынша жүріп өтіп, көп жүретін қиылыстардың біріне жеткізді. Әр түрлі иіс іздерінің көп жиналуына байланысты қажетті із жоғалғандықтан, полицейлер бейнебақылау жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалануға шешім қабылдады.
Көшенің осы учаскесінде орналасқан бейнекамералардың жазбаларына мониторинг жүргізгеннен кейін тәртіп сақшылары ұрланған велосипедке ұқсас көлікпен жүріп бара жатқан ер адамды байқады.
Қолданылған шаралардың нәтижесінде сол күні күдікті ұсталып, ұрланған мүлік заңды иесіне қайтарылды.
Полицейлер көктемгі-жазғы кезеңде велосипед ұрлығы саны күрт артатынын еске салады. Жәбірленушілер екі дөңгелекті көлігін тек бірнеше минутқа ғана қараусыз қалдыратын жағдайлар жиі кездеседі, ал, қайтып оралғанда таба алмайды.
Күн сайын полиция мәліметтерінде ақмолалықтардың велосипед, мопед, скутер және басқа екі дөңгелекті техниканың жоғалуы туралы өтініштері тіркеледі. Әрбір осындай өтініш бойынша полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларының толық кешенін жүргізеді, бірақ, ұрлықтың себебі көбінесе, иелерінің немқұрайлығы болып табылады. Былтыр 60-тан астам осындай ұрланған велосипед заңды иелеріне қайтарылды. Тәртіп сақшылары ақмолалықтардан бұл мәселеде қырағы болуын және өз мүлкін қараусыз қалдырмауын сұрайды.
Әсем ӘБДІРАХМАНОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар