Коронавирус: Тегін дәрілер тапшылығы жөнінде қайда шағымдануға болады

Қазақстандағы дәрі-дәрмектің бірыңғай дистрибьюторы «СҚ-Фармация» коронавирус науқастарына тегін берілетін дәрілер тізімін айтып берді.

«Медициналық ұйымдарда науқастардың саны көбейіп, емханаларда COVID-19 деген жаңа нозология енгізілген. Яғни, осы нозология бойынша емханаларда COVID-19 диагнозы қойылған жағдайда, учаскелік дәрігеріңіз 5 түрлі дәріні тегін беруі керек. Мұнда ПТР анықтама талап етілмейді. Оның ішінде ыстық түсіретін 2 дәрі – Ибупрофен мен Парацетамол және қан сұйылтатын 3 антикоагулянт береді. Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері туындаса, 1439 қысқа нөміріне хабарласып, шағымдануға болады. Бұл ретте коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектің 48 пайызы Қазақстанда шығарылатынын атап өткен жөн», – деп түсіндірді «СҚ-Фармация» компаниясының баспасөз хатшысы Әйгерім Смаилова елордалық логистикалық хабта өткен мониторинг барысында.

Сонымен бірге, «СҚ-Фармация» ЖШС амбулаториялық дәрімен қамтамасыз ету жүйесінде коронавирустан бөлек, 136  ауру түрлері бойынша дәрі-дәрмек жеткізеді.

Айта кетейік, «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар сақталатын «СҚ-Фармация» логистикалық хабына мониторинг жүргізді.

Елордалық бірыңғай дистрибьютор Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары және Нұр-Сұлтан қаласындағы 85 медициналық ұйымды дәрімен қамтамасыз етеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар