Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жастар сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілер қатарында - АРҚА АЖАРЫ

Жастар сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілер қатарында

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде студенттер арасындағы тұңғыш «AntiParaCraft» сыбайлас жемқорлыққа қарсы квесттің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов қатысты.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігінің қолдауымен өткізіліп жатқан «AntiParaCraft» сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест жастардың бойында шыншылдық, парасаттылық, адалдық секілді қасиеттерді дамытуға бағытталған. Осы арқылы квест ұйымдастырушылары студенттерді сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті насихаттауға, оқытушылар мен студенттер арасында этикалық нормалардың сақталуына мониторинг жүргізуге шақырады. Бір ай бойы жалғасатын ойынға аталған жоғары оқу орнының бірқатар факультеттерінен құрылған командалар қатысады. Бірнеше кезеңде өтетін ойын барысында студенттер бейневайндар түсіріп, интеллектуалдық және шығармашылық тапсырмаларды орындайды. Ал, квест қорытындысы алдағы ақпан айының соңында өтетін адалдық капитандарының турнирінде шығарылады. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігінің қолдауымен өткізіліп жатқан «AntiParaCraft» сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест жастардың бойында шыншылдық, парасаттылық, адалдық секілді қасиеттерді дамытуға бағытталған. Осы арқылы квест ұйымдастырушылары студенттерді сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті насихаттауға, оқытушылар мен студенттер арасында этикалық нормалардың сақталуына мониторинг жүргізуге шақырады. Бір ай бойы жалғасатын ойынға аталған жоғары оқу орнының бірқатар факультеттерінен құрылған командалар қатысады. Бірнеше кезеңде өтетін ойын барысында студенттер бейневайндар түсіріп, интеллектуалдық және шығармашылық тапсырмаларды орындайды. Ал, квест қорытындысы алдағы ақпан айының соңында өтетін адалдық капитандарының турнирінде шығарылады.  Шара барысында сөз алған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев бұл квест тек бастамасы екенін айтып, жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, адалдықты қалыптастыруға бағытталған мұндай ізгі дүниелер басқа оқу орындарында да қолға алынатынына сенім білдірді. Ал, облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов, республикалық арнайы мониторингтік топтың жетекшісі Айгүл Соловьева мен Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Марат Сырлыбаев, сондай-ақ, шараға онлайн байланыс арқылы қосылған «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Тоқышев қатысушыларға сәттілік тіледі. Одан кейін университет пен арнайы мониторингтік топ арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылып, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы квестке қатысатын топ капитандарына адалдық капитандары куәліктерін салтанатты жағдайда тапсырды.  Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,«Арқа ажарының» өз тілшісі. Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар