Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шағын кемелер тексерілді - АРҚА АЖАРЫ

Шағын кемелер тексерілді

Облыстық көлік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен облыс аумағындағы су айдындарында шағын кемелерді пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау және әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында «Скутер» алдын алу шарасы өткен болатын.

Ағымдағы жылдың 1-ші маусымы мен 31-ші тамызы аралығында қолға алынған шара барысында 130 шағын кемеге тексеріс жүргізіліп, 8 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.  Сондай-ақ, 94 шағын кемеге жыл сайынғы техникалық куәландыру жүргізіліп, акт жасалды. Ал, 2014 жылы жүргізілген осындай тексеріс барысында 1 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.
 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілдедегі № 132-V Заңымен  «Ішкі су көлігі туралы»  заңына шағын өлшемді кемелерге қатысты түзетулер енгізілген еді. Осыған сәйкес  салмағын қоса алғанда екі жүз килограмға дейінгі және қозғалтқыштарының (орнатылған жағдайда) қуатын қоса алғанда сегіз киловатқа дейінгі шағын көлемді кемелер, сондай-ақ ұзындығы тоғыз метр-
ден аспауға тиіс, қозғалтқыштары жоқ және демалуға арналған орындармен жабдықталмаған спорттық желкенді кемелер мемлекеттік тіркелуге жатпайды.
Су айдындарындағы рейдтер негізінен адамдардың көп жиналған жерлерінде, яғни Қопа көлі,  Зеренді, Щучье, Бурабай көлдерінде, «Вячеславка» су қоймасында жүргізілді.

Сыздық АЗАМАТОВ,
 облыстық көлік бақылау инспекциясының
бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар