Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мақсат – экономиканы әртараптандыру - АРҚА АЖАРЫ

Мақсат – экономиканы әртараптандыру

2012-2020 жылдары шағын қалаларды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында халықты жұмыспен қамтудың оңтайлы жолын қалыптастыру  үшін экономиканы,соның ішінде  шағын және орта бизнесті әртараптандыру қолға алынған болатын.

Қаланың экономикасын әртараптандыру екі жоба бойынша жүзеге асырылуда. «SAREKO» БК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сирек кездесетін металдар өндірісін ұйымдастырды. Осының нәтижесінде 200 жаңа жұмыс орны ашылды. Қондырғылар кешенді сынақтан өтіп, технологиялық сұлбалар жасалды. Көзделген қуатқа қол жеткізу мақсатында өткен жылы қондырғылар жөнделді. Сөйтіп, өндіріс көлемі 57,7 тоннаны құрады. Жоба индустрияландырудың өңірлік картасына енгізілді. Ол «СКЗ «Пирит» серіктестігінің қуаты 200 мың тонна күкірт қышқылы мен 7,21 тонна «Доре» қоспасын алуға жобаланған. Жоба бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы шығарылыпты. «Доре» қоспасы жобасын 2015 жылы, күкірт қышқылы жобасын 2017 жылы жүзеге асыру көзделген.
«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы мен «СП СКЗ «Казатомпром» серіктестігі жүзеге асыратын инвестициялық жобалардың бірі – жылына 180 мың тонна өнім өндіретін күкірт қышқылы зауытын жөндеу болып табылады. Жоба индустрияландырудың республикалық картасына енгізілген. Кәсіпорын өткен жылдың желтоқсанында Елбасы қатысқан тікелей телекөпірде іске қосылды. Кешенді жоспар шараларының қатары «Степногорск тау-кен химиялық комбинаты» серіктестігінің жұмысына байланысты болып отыр. Комбинаттың өзекті мәселелерін шешу «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына енгізіліп, жүзеге асырылуы Ел Үкімет бақылауында тұр. Бұл кәсіпорынның жұмысын тұрақтандыруға ықпал ететін шаралардың бірі – құрамында алтыны бар кенді өңдеуге көшу бойынша гидрометаллургиялық зауыт өндірісін әртараптандыру болып табылады. Барлығы 5 мың тоннаға жуық флото қоспасы өндірілген. «НАК «Казатомпром» акционерлік қоғамы тау-кен басқармасының «Степногорск тау-кен химия комбинаты» серіктестігінің гидрометаллургиялық зауытына өңдеуге жіберген табиғи уранның химиялық қоспасының көлемі 3200 тоннаны құрады.
Жаңа өндіріс ашу үшін стратегиялық инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. «Қазақстанның жылыжай технологиясы» серіктестігі жылына 60 тонна бекіре өсіру жобасының техникалық- экономикалық негізін жасады. «Астана-Нан Кемикалз» серіктестігі өсімдікті химиялық жолмен қорғау өндірісінің логистикалық орталығын ұйымдастырып, жобалық-сметалық құжаттамасын жасауда. Қаладағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға «2012-2020 жылдары шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы аясында 416 миллион теңге бөлініп, толық игерілді. 2013 жылы «Есіл» шағын несие ұйымы арқылы 139 адам шағын несие алып, өз істерін ашты, бизнестерін ұлғайтты. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша екі жүзден астам адам оқытылды. Қалада кәсіпкер-
лікті қолдау орталығы ашылып, қызмет көрсетілуде.
Өткен жылы «2012-2020 жылдары шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы бойынша 183 миллион теңге бөлініп, толық игерілді. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы 39 адам шағын несие алды. Жыл басынан бері кәсіпкерлікті қолдау орталығы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау тетігі және бизнес ашу жөнінде мыңнан аса кеңестер берді. Аталмыш бағдарлама аясында «Бизнес-Кеңесші» жеделдетілген курсында 120 адам кәсіпкерліктің негізін оқыды. Сондай-ақ, Назарбаев университетінде «Іскерлік байланыс» жобасы аясында екі кәсіпкер  АҚШ пен Германияда тәжірибеден өтті. Шағын және орта бизнес кәсіпорындарында ірі кәсіпорындар үшін металл өнімдері, оттегі, қысқы дизельдік отын, арнайы киімдер сияқты әртүрлі тауарлар шығарылып, ағаш өңдеу, құрылыс-монтаж жұмыстары, жүк және жолаушылар тасымалы, еңбеккерлерді тамақтандыруды ұйымдастыру сияқты өзге де қызмет көрсетіледі. «ГМК «Қазақалтын» акционерлік қоғамына еңбеккерлерді тамақтандыру және қап тігу қызметі берілген. Сөйтіп, кәсіпорындардың толыққанды жұмыс істеуі қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалын тигізіп отыр.
Татьяна ВОЛЧЕК,
Степногорск қалалық кәсіпкерлік
бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар