Ерлан Қиясов: «Спутник V» вакцинасынан кейін иммунитет кемінде 2 жыл сақталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Спутник V» вакцинасынан кейін иммунитет кемінде 2 жыл сақталады. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Күні кеше ғана әлемдегі жетекші медициналық журналдардың бірі Lancet «Спутник V» вакцинасының SARS-CoV-2 коронавирусты жұқтыруға қарсы тиімділігі 91,6 пайызды құрайтындығын жариялады. Бұған қоса, «Спутник V» вакцинасынан кейін иммунитеттің кемінде 2 жыл сақталатындығы дәлелденген. Сонымен қатар вакцина коронавирустың «британдық» және «оңтүстікафрикалық» сынды жаңа штаммдарына қарсы тиімді екендігі де маңызды. Мұнан бөлек, вакцинаны әзірлеушілер «Спутник V» вакцинасы COVID-19-дың орта және ауыр өтуінен де қорғайтындығын атап өтеді», — деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

https://www.inform.kz/kz/erlan-kiyasov-sputnik-v-vakcinasynan-keyin-immunitet-keminde-2-zhyl-saktalady_a3748924

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар