Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қытай COVAX-ке коронавирусқа қарсы 10 млн доза вакцина жібереді - АРҚА АЖАРЫ

Қытай COVAX-ке коронавирусқа қарсы 10 млн доза вакцина жібереді

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытай халықаралық COVAX механизміне коронавирусқа қарсы 10 млн доза вакцина ұсынады. Мұндай мәлімдемені брифингте Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ван Вэньбинь жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сұранысы бойынша Қытай COVAX-ке дамушы елдердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 10 млн доза вакцина жіберу туралы шешім қабылдады», — деп хабарлады Қытай дипломаты. Еске сала кетсек, COVAX коронавирусқа қарсы екпеге теңдей қолжетімділікту қалыптастыруды көздейтін ДДСҰ қарауындағы халықаралық механизм. Бұл механизмге 190 ел қосылды. Бұған дейін ҚХР СІМ мәлімдегендей, Қытайдың COVAX механизміне қосылуы – «COVID-19 вакцинасын жаһандық қоғам игілігіне айналдыру міндеттемелерін орындау үшін маңызды қадам».

 https://www.inform.kz/kz/kytay-covax-ke-koronaviruska-karsy-10-mln-doza-vakcina-zhiberedi_a3748883

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар