Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Атбасарда энергия үнемдейтін диодтық шамдар шығарылады - АРҚА АЖАРЫ

Атбасарда энергия үнемдейтін диодтық шамдар шығарылады

«КазТехникс» серіктестігінің Атбасар жарық техникасы және металл құрастырушы зауыты диодты жарық шамын шығарады. Кәсіпорындағы жоғары автоматтандырылған қондырғылар диодтық шамдар бірге металл жиһазын, электрден қорғаушы, есік және өзге де әртүрлі металл құрастырылымын жасайды.

Компания 2012 жылдан бері LED-шамдарының қазіргі заманғы өндірісін құру мақсатында жұмыс істеп келеді. Бұл энергия тұтынуды 65-90 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Алғашқы тәжірибелік үлгілер 2012 жылдың соңында жасалды. Келесі жылы шығарылған өнімдер сатыла бас-тады. 2013 жылы компания электрмен қамтамасыз ету жүйесінің электрді монтаждау жұмысына және сыртқы электр жарығын орнатуға лицензия алды. Оның ішіне электрмен жарықтандырудың ішкі жүйесі және құрылыс жүйесінде электр энергиясын тасымалдайтын нысандарды орналастырумен елді мекендерді электрмен қамтамасыз ету сұлбасының жобалық жұмысы кіреді. Осы жылдары «КазТехникс» диодтық шамдар нарығында өз орнын жаулап алды. Сондай-ақ, отандық бизнес үшін ауыр болған 2020 жыл дәстүрлі жұмыс режимінде өтті.
Пандемия кезіндегі шектеу кәсіпорынның жұмысына қолбайлау болған жоқ. Аталмыш серіктестіктің бөлім басшысы Максим Соколенконың айтуынша, бөлшектер қоймасының мол қоры үзіліссіз жұмысты қамтамасыз етті. Алыс шетелдерден тасымалданатын бөлшектер тасымалында іркіліс болғаны рас. Қытайдан тасымалданатын тапсырыс жөнінде айтатын болсақ, жүк шекарада көп тұрды. Кейде контракт бұзылатын. Дегенмен, бұл бөлшектердің үлесі көп емес. Диодтық шамдар өндірісі кезінде белгілі әлемдік брендтердің бөлшектері пайдаланылады. Бұл тізімде CREE, Nichia, SAMSUNG, LG innotec, Osram, Seoul Semiconductor, Edison және өзге шетелдік фирмалар бар.
– Өкінішке орай, өткен жылы еңбеккерлердің көңіл- күйі нашар болғаны жанымызға батты. Олар өздерінің және жақындарының денсаулығы үшін алаңдағанын түсінуге болады. Басшылық еңбеккерлерді қолдап, барлық қажетті қауіпсіздік шараларын қолға алды. Бірде-бір адам қысқартылмады. Шығарылатын өнімдердің түрі өзгерген жоқ. «КазТехникс» кәсіпорны көшені, автокөлік жолдарын, ғимараттар мен көпірлерді, темір жол платформасы мен шахтаны, қауіпті және зиянды өндірісті, өндірістік ғимараттар мен қойманы, жылыжайды, кеңсе мен тұрғын үйлерді жарықтандыратын шамдар шығарады. Аталымдарды, қуаты және корпус формасын орындау нұсқалары көп. Олардың арасында Е14 және Е27 тәрізді тұрмыста кең тараған «груши» шамы бар. Аталмыш кәсіпорын қазір бірнеше өзге бағытты игеруде. Бюджет саласындағы өнім түрлерін ұлғайтуда. Диодтық шамның арзан линейкасы негізгі ұстаным бойынша тұтынушыларға ұсынылатын қабылданған сапа көлеміне жатпайды. Ал, компанияда бұрыннан бері сапа және экологиялық менеджментінің жүйесі (СТ РК ИСО 9001-2009), (СТ РК ИСО 14001-2006) енгізілген,–дейді Максим Соколенко бізбен әңгімесінде.
Мұндай өнімге нарық сұранысы жоғары. Бюджеттік диодтық шамдарды пайдалану тұтынушының ақшасын үнемдейді. Диодтық шамдармен жарықты үнемдеу жөнінде тұтынушылар арасында айтылатын аңыздар көп. Оның бәрі орынды. Инновациялық шамдардан таңдап алынған осы заманғы шамның сырты әдемі әрі үнемді. Электр энергиясын тұтынғанда барлық шамдар Ильич шамымен салыстырылады. Осы кезде электрді тұтыну 60-70 пайызға азаяды. Ал, айтылған 90 пайыз қайда деген орынды сауал туындайды. Бұл жерде жетіспейтін 20-30 пайызды алу жеңіл болып отыр. Диодтық шам өзінің ұзақ жану мерзімінде арнайы қызметті қажетсінбейді. Оны көшеге ілінетін шамдардан көруге болады. Егер кепілдігінде бес жыл мерзім көрсетілсе, әлгі шам одан аз жанбайды. Нәтижесінде тұтынушы 90 пайыз энергия үнемдейді.
«КазТехникстің» арқасында қазір Көкшетау мен Щучинск қалаларының көшелері түнде жап-жарық. Өткен жылы кәсіпорын мемлекеттік жекеменшік серіктестігімен келісім-шартқа отырды. Осы орайда, облыс орталығы мен Бурабай ауданының орталығында көше жарығы жаңғыртылды. Мамандар жақсы жұмыс істеп, тапсырыс берушілердің көңілінен шықты. Максим Соколенко өз сөзінде компания өз серіктестеріне тек диодтық шам ғана емес, техникалық жарық қондырғыларының инвестициясын қайтаруды оңтайландырудың, құнын азайтудың кешенді шешімін ұсынады. Мамандар нысанды зерттеп, тапсырыс берушіге энергия тиімділігін арттыру стратегиясын ұсынады. Сондай-ақ, қондырғыға оңтайлы талапты анықтайды, сатып алу есебін орындайды. Бұл мемлекеттік жекеменшік серіктесі бойынша жинақталған мол тәжірибені көрсетеді. Өнеркәсіп секторында энергия көлемін азайту индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының мақсатты индикаторларының бірі болып отыр. Еліміздің энергия тиімділігін арттыру бағыты «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айтылған. Энергия тиімділігін арттыру әртүрлі шаралар кешенін қажетсінеді. Қазіргі заманғы диодтық жарыққа көшу қолжетімділікке айналды. Шетелдік диодтық шам өндірушілермен атбасарлық «КазТехникс» серіктестігінің бәсекеге түсуі көңілге қуаныш ұялатады.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар