Үкімет басшысы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жоғары өңірлерді атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кей өңірлерде белгілі бір шектеулер әлі де қолданылып отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
 «Эпидемиологиялық жағдай бақылауда. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кейбір өңірлерде белгілі бір шектеулер әлі де қолданылып отыр. Биылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша 7 негізгі көрсеткіштің ішінде 5 бойынша сегіз өңірде әлеуметтік-экономикалық дамудың өсуі байқалуда. Олар – Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары», – деді Асқар Мамин.
Үкімет басшысы бес өңірде 4 көрсеткіш бойынша оң динамика байқалатындығын айтты.

«Олар – Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары. Солтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының қол жеткізген көрсеткіштері төмен», – деді Премьер-Министр.

https://www.inform.kz/kz/ukimet-basshysy-aleumettik-ekonomikalyk-damu-korsetkishi-zhogary-onirlerdi-atady_a3753639

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар