Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бәрімізге қажетті қызмет - АРҚА АЖАРЫ

Бәрімізге қажетті қызмет

 Бүгінгі таңда Қазақстанның статистика жүйесі халықаралық жоғары стандарттарға сәйкес дамып, ашық әрі қолжетімді болып отыр. Бүгінгі сөз басын «е-Статистика» біріктірілген ақпараттық жүйесінің жобасын жүзеге асыру шеңберінде статистикалық есепті электрондық түрде беру мүмкіндігіне ие
болып отырғанымыздан бастасам деймін.

Есепті ұсыну үшін заңды тұлғаның электрондық сандық қолы болуы тиіс. Биылғы жылдың басынан бері облыс бойынша онлайн тәртібінде осындай 9760 есеп ұсынылды. Ақпаратты жинап, өңдеу бойынша жұмыстарды автоматтандыру және оның пайдаланушылар үшін жеңіл болуы мақсатында бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі енгізілді. 2014 жылдың басынан бері статистика органдары ай сайын тұрғындардың жұмыспен қамтылуын да зерттеп келеді. Ондағы мақсатымыз – тұрғындардың әр түрлі тобының  жұмыссыздық деңгейі, жұмыспен қамтылмағандардың құрылымы жөнінде ақпарат жинау.
    Біздің мекеме демографиялық және әлеуметтік жағдайды электрондық таблицаға жинақтайды. Мұнда бала тууы, адам өлімі, некеге тұру мен ажырасулар жөнінде мәліметтер  жиналады. Ақпараттар әділет органдарынан алынады. Некеге тұрғандардың ажырасу себебі электронды ақпаратқа енгізіліп,  статистика комитетіне жіберіледі. Қоныс аударушылар жөнінде  халыққа  қызмет көрсету орталығы мен көші-қон полициясынан ақпарат алынады. Аудандардан да осындай ақпараттар келеді. Осы  ақпараттардың негізінде халықтың санын есептейміз. Сондай-ақ, бір реттік зерттеулер жүргізіледі. Өткен жылы 15 жасқа дейінгі және 18 жастан жоғары жастағы мүгедек топтарға жататын мүмкіндігі шектеулі жандар зерттелді. Мәліметтер дер кезінде комитетке жөнелтілді.
  иҚазір облыс халқының саны 735595 адамды құраса, оның 346517-і қалада, 389115-і ауылда тұрады. Қаңтар-тамыз айларында өңірде 8697 сәби туса, 5144 адам өмірден өтті.  Мекеме экономика саласының тұтынушылар және нақты секторларындағы бағаларды қадағалаумен де айналысады. Экономика саласында 508 өнім түрінің бағасын қадағалаймыз. Көкшетау, Шучинск, Степногорск қалалары мен Атбасар, Аршалы, Шортанды, Зеренді аудандарында өнім бағасының көтерілуі байқалады. Облыс орталығында азық-түлік тағамдарын сататын 53 сауда орыны бақылауға алынған.   Әлеуметтік маңызға ие азық-түлік тағамдары жөніндегі ақпарат апта сайын беріледі. Осы деректерді дайындау үшін оның базасын анықтаймыз. Әр азық-түлік тағамын зерттеу үшін 8 сауда орыны бекітілген. Мұнда оның бағасы қадағаланып отырылады. Бұл жұмыспен арнайы  мамандар айналысуда. Мекеменің сауалнамамен жұмыс істейтін бөлімінде ірі және шағын кәсіпорындар мен тұрғын үйлер жөнінде ақпараттар тіркеліп, зерттеледі. Сондай-ақ, салық төлеушілермен де  сауалнама жүргіземіз. Ол есеп бір терезе арқылы қабылданады. Есеп берушілер өз жұмыстарын электрондық поштамен  жібере алады. Ауылдық  округтерде   жүргізілетін шаруашылық кітабының электрондық  түрі статистикалық қызметті біршама жеңілдетті.
   Биылғы жылдың орақ науқаны Бурабай, Бұланды, Еңбекшілдер, Зеренді, Сандықтау, Целиноград аудандарында қиыншылықпен жүргізілуде. Жиналған астықтың сапасы да әртүрлі. Бұл жөнінде де ауыл шаруашылығы басқармасынан ақпарат алудамыз. Ал, мал шаруашылығының дамуын өндірілген ет пен сүт көрсеткіштеріне қарап бағалаймыз. Респонденттерден жиналған ақпаратты өңдеп, тексеріп, сараптама жасаймыз. Мәселен, өңірдегі жылқы саны 140 мыңды құрайды. Біздің респонденттер ауыл-селоларда тұрғандықтан, бірқатар мәселелер туындайды. Барлық ақпараттар ауылдық округ әкімдіктерінен алынады. Кейбір ауыл тұрғындары өз малдарын сатқаны және сойғаны жөнінде жергілікті әкімдікке ақпарат бермейді. Сондай-ақ, олар ауылдарында арнайы қасапхана болмағандықтан, малды өз қораларында сояды. Бұл мал санағын жүргізуге қиындықтар туғызады. Мұндай келеңсіздікке жол бермеу жөнінде аудан әкімдеріне тиісті орындардан тапсырма берілген. Ол орындала бермейді. Биыл екі құс фабрикасы пайдалануға берілді. Құс еті мен жұмыртқа өндіретін сала дамып келеді.
  Департамент тұрғындардың өмір сүру деңгейін, оның ішінде кірісі мен шығысын, азық-түлік тағамдарын тұтынуын, кедейшіліктің деңгейін зерттейді. Осы орайда, облыс бойынша 840 іріктелген үй шаруашылығы тексеріледі. Жұмыссыздардың көбі ауылдық елді мекендерде тұрады. Мекеме шағын және орта, ірі кәсіпорындардың қаржылық жағдайын зерттейді.  Оның ішінде дебиторлық, кредиторлық, алынған несие және еңбекақы төлеу мәселелері бар. Сондай-ақ, барлық кәсіпорындарды тіркеп отырамыз. Облыс бойынша 2855 шағын және орта бизнестің белсенді өкілдері тіркелген. Статистиканы пайдаланатындар үшін департамент сайтында барлық экономикалық салалар бойынша ақпараттар ұсынылады. «Ашық есік» күндері, баспасөз мәслихаты және семинар-кеңестер өткізіліп тұруы дәстүрге айналған. Әрине, облыстық статистика департаменті қызметінің деңгейі мен сапасын халық анықтайды. Департаментте екі жүзден астам маман еңбек етеді. Бірлігі жарасқан ұжым мүшелері өз істеріне шынайы берілген.
  Өткенімізге үңілмей, болашақты болжау қиын. Өздерінің саналы ғұмырын статистика саласына арнаған өңірдің ардагерлері көптеп саналады. Тек Көкшетау қаласы бойынша ғана зейнеткерлер саны 60 адамды құрайды. Мәселен, Ж.Букин, В.Утянский, А.Қасымова, Р. Болатова, Г.Сейдахметова, Л.Лазорская,
А. Әбутәліпов, Л. Шульгина, К.Сейтембетова, В.Шевчук, М.Үмбетәлиева, Г.Мелихова және өзге де құрметті еңбек демалысында жүрген ардагерлеріміз өткен жылдардың қайта құру, облыстың қысқаруы, дағдарыс және өзге де қиыншылықтарына қарамастан, өз мамандықтарын жан-тәнімен сүйіп, адал еңбек етті. Осындай өнегелі жандарға қарап, біз статистика органдарында  жұмыс істейміз деп мақтанышпен айта аламыз.
     Статистерді қажетсінетін жергілікті органдар үшін статистика департаментінің рөлі өте жоғары. Мұны біз жете сезінеміз. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын зерттеу үшін мезгілінде ұсынылған статистикалық ақпарат нақты шешімдер қабылдауға ауадай қажет. Мемлекеттік статистиканың тарихы біздермен одан әрі жалғасуда.
Ермек МУСИНА,
Ақмола облыстық статистика департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар