Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік қызметтің сапасы артып келеді - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік қызметтің сапасы артып келеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет.

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады. Сондықтан, азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ, аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет» деген болатын.
Ашықтық және өзекті мәселелерді уақытылы шешу ауыл шаруашылығы басқармасының қызметіндегі басты басымдықтардың бірі болып табылады. Бүгінгі таңда басқармада 37 мемлекеттік қызметші еңбек етеді. Осы ретте, соңғы жылдары ұжымның айтарлықтай жасарғанын атап өтуге болады. Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы 37 жасты құрайды, оның ішінде жартысына жуығы 30 жасқа дейінгі жас мамандар.
Ал, мемлекеттік қызметшілер арасындағы әйелдердің үлесі 48 пайызды құрайды. Барлық мемлекеттік қызметшілердің жоғары білімі бар. Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бір адам аяқтаса, былтыр он жеті маман қайта даярлау және біліктілігін арттыру курс-
тарынан өтті. Басқармада меритократия қағидасы толық жүзеге асырылуда. Өткен жылдары үш мемлекеттік қызметші жоғары лауазымдарға тағайындалды, оның арасында К.М.Сағатов пен О.А.Леонтьева бөлім басшысы, М.С.Іргебаев басқарма басшысының орынбасары болды.
Басқармада Әдеп жөніндегі уәкіл тарапынан қызметкерлерге консультативті көмек көрсетіліп отырады. Мемлекеттік қызметішілердің заңмен бекітілген шектеулер мен талаптарды сақтауына, өзара қарым- қатынас мәдениетін қалыптастыруға көңіл бөлінуде.
2020 жылы 7 мемлекеттік қызметшіге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының тәртіптік жаза қолдану қағидаларына, қысқартуға жататын және жатпайтын тұлғалардың санаттарына қатысты талаптары түсіндірілді.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзғандығы туралы арыз-шағым түскен жоқ. Тұрақты түрде бұқаралық ақпарат құралдарында шыққан жарияланымдарға мониторинг жүргізіліп отырады, оның барысында мемлекеттік қызметшіге қатысты жағымсыз мақалалар анықталмады. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желідегі жеке аккаунттарына мониторинг жүргізіліп отырады. Бұл жағынан алғанда да, жағымсыз жазбалар тіркелген жоқ.
Әдеп нормаларының бұзылуының алдын алу мақсатында 6 мәжіліс өткізілді, оның ішінде семинар түрінде түсіндіру жұмыстары, кездесулер және бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген авторлық мақалалар бар. Басқарма басшысының бұйырығымен сырттан білікті мамандарды шақыру арқылы мемлекеттік қызметшілерді оқыту бойынша
өткізілетін сабақтардың кестесі бекітілді.
Бұдан бөлек, қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз ету үшін ұжымдағы моральдық-психологиялық жағдайды анықтау бойынша анонимді са-
уалнама жүргізіліп отырады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша аталмыш сауалнама ұжымда бұл жағынан жағдайдың жақсы екенін көрсетті.
Басқарманың халықпен тығыз жұмыс істеуі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде цифрлық технологияны қолдану арқылы жүзеге асырылады. Тұрғындардың сауалдарына жедел құлақ асып, оны уақытылы шешу мақсатында басқарма басшысының онлайн-қабылдауы, басшының блогы жұмыс істейді. Ал, мемлекеттік органдардың интернет ресурстарындағы бірыңғай платформада басқарманың жұмысы туралы өзекті мәліметтер ұсынылған. Сондай-ақ, тұрғындардың ақпаратты фейсбук және инстаграм әлеуметтік желілері арқылы алуына болады.
Басқарамада мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру және тұрғындарды сапалы мемлекеттік қызметпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар одан әрі жалғасын табуда.

Қасым ИТҚҰСОВ,
Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары,
Әдеп жөніндегі уәкілі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар