Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сайлауалды бағдарлама басты назарда болады - АРҚА АЖАРЫ

Сайлауалды бағдарлама басты назарда болады

Ақмола облысының әкімі, «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен Саяси бюро кеңесінің отырысында облыстық филиалдың сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасын бекіту туралы мәселе қаралды.

Бекітуге ұсынылған бұл Жол картасы бұған дейін «Nur Otan» фракциясы депутаттарының отырысында талқыланған. Ол алдағы бес жылда осы депутаттар мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысының басты құжаты болмақшы.
– Облыстың, аудандар мен қалалардың Жол карталарының орындалуын бақылау жөніндегі жұмысқа барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары тартылатын болады. Тоқсан сайын іс-шаралар жоспарын орындау үшін оларға бекітілген нақты индикаторлар туралы уәкілетті органдар мен фракциялардың депутаттарының есептері тыңдалады. Депутаттар алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін бақылау, – деп атап өтті өз сөзінде аймақ басшысы.
Отырыс барысында «Болашақ» сарайының директоры Айнагүл Балташева, «Жас Отан» жастар қанаты Ақмола филиалының төрағасы Сұлтанбек Бекішев және Шортанды ауданының жеке кәсіпкері Ирина Жукова сөз алды. Олар ұсынылып отырған Жол картасының жобасы аймақтың әлеуметтік дамуына, халықтың әл-ауқатын жақсартуға, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған нақты жұмыс жоспары екендігіне баса назар аударып, Жол картасын бірауыздан бекітуді ұсынды.
Ақмола облысында алдағы 5 жылда осы Жол картасы бойынша 1948 көрсеткіш пен 5175 іс-шараны орындау көзделген. 2021 жылы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы 16,4 пайызға, 2022 жылы – 38,3 пайызға, 2023 жылы – 59,9 пайызға, 2024 жылы – 80,3 пайызға және 2025 жылы 100 пайызға орындалатын болады.
Биылдың өзінде жоспардағы 27 медициналық нысанның 14-і, 119 мектептің 37-сі, 21 балабақшаның 5-еуі, 60 спорт нысанының 22-сі салынады. 5 жыл ішінде 3,4 миллион шаршы метр тұрғын үй салынып, 80 мыңнан астам жұмыс орны ашылады және тағы да басқа істер атқарылады.
Саяси бюро кеңесінің мүшелері жан-жақты талқылай келе, «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың Жол картасын бірауыздан бекітті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар