Прокуратура ардагерлері – алдыңғы сапта

Прокуратура органдары тәуелсіздік жылдарында көптеген өзгерістер мен реформаларды басынан өткерді. Дегенмен, оның жоғары қадағалау органы ретіндегі басты міндеті өзгерген жоқ. Мемлекет басшысы прокуратура алдына әр азаматтың мүддесін қорғау жөнінде нақты міндеттер қойды.

Осыдан 21 жыл бұрын құрылған «Ақмола облыстық прокуратурасының ардагерлері» қоғамдық бірлестігі алғашында 15 адамнан тұрды. Прокуратура ардагерлерінің бірлестігін құру жөніндегі ұсыныс бұрын облыс прокуроры болған А.М.Әділханнан түсті. Ардагерлер кеңесін құрушы әрі оның бірінші төрағасы В.А. Васьковский ардагерлер бірлестігін 10 жылға жуық басқарды. 2010 жылдан 2017 жылға дейін ардагерлер ұйымына О.Е.Сүлейменов пен Т.Р.Мұстафин жетекшілік етті. Ардагерлер ұйымын құру жөніндегі құрылтай жиналысы 1999 жылдың 22 желтоқсанында болып, келесі жылдың 20 қаңтарында Әділет органына тіркелді.
Бүгінгі күні ардагерлер ұйымы қатарын Ақмола мен Көкшетау прокуратураларынан еңбек демалысына шыққан 47 адам құрайды. Қоғамдық бірлестіктің негізгі құрамы тыл еңбеккері Сәдуақас Бекболат, Ж.Ноғаева, Н.Калинченко, П.Прищепа, Ж.Дүйсенбаев, А.Чуприна, Р.Әшібаев, О.Сүлейменов, С.Шәріпов сияқты алдыңғы толқын ардагерлері. Ең жасы үлкен ардагер 92 жаста. Өзге ардагерлер 80 және 70 жасты аттап өтті. Өз жасына қарамастан, Сәдуақас Бекболат прокуратураның аяққа тұру тарихы жөнінде бірнеше кітап жазды. Оны оқып отырып, өткен жылдардың оқиғаларын еріксіз еске аламыз. Біздің бірлестіктің қоғамдық өміріне барлық ардагерлер белсенді түрде араласады. Еңбек демалысындағы ардагерлеріміз жұмысын жалғастырып, азаматтарға қол ұшын созуда. Біздің ардагерлерімізді заңгер ретінде мемлекеттік қызметте, кәсіпорындарда, адвокаттар мен жекеменшік сот орындаушы тәрізді өзге де мекемелерде кездестіруге болады.
Біздің ардагерлердің барлығы әртүрлі лауазымда жұмыс істеп, облыстық прокуратура органдарының қадағалау қызметін дамытуға сүбелі үлесін қосты. Оларды өз ісіне берілген білімді әрі тәжірибелі маман, беделді жолдас деп айтамыз. Бүгінгі күні еңбек демалысында жүрген Б.Сәдуақас, Н.Калинченко, О.Сүлейменов, И.Чайко, Б.Абраев, С.Досов өз білімі мен тәжірибесін жас әріптестеріне беруде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ұлттық Бюроның ұсынысы бойынша жүргізілген төтенше жағдай кезінде Б.Сұлтанов пен А.Жанәділова сияқты ардагерлеріміз «Адал көмек» алаңында өткен тікелей эфирде сөз сөйлеп, өзекті құқықтық мәселелер бойынша өңіріміздің тұрғындарына ақыл-кеңес берді. Ардагерлер кеңесінің төрағасы әр айдың екінші және төртінші сейсенбісінде «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдап, құқықтық мәселелер бойынша жауап берді. Прокурорлар жөнінде сөз қозғасақ, олардың жұмысына әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер көмек көрсетуде. Ильчанина, М. Пальчиковская, В.Бурая, Л.Каюкова сияқты ардагерлер де прокурорларға көмектесті. Олардың әрқайсысы прокуратура органдарында 38 жылдан астам еңбек етті. Бірлестік өз жұмысын ардагерлер кеңесі бекіткен жоспарға сәйкес жүргізеді. Ардагерлердің оң көзқарасы облыстық прокуратурадағы ардагерлер кеңесінің өткен кезеңдегі оң жұмысынан хабар береді. Мәселен, Р.Орнова, Г.Темірбеков, А.Әлікұлов, А.Татаркин, О.Бабкина және Ш.Сансызбаева ардагерлер кеңесінің жұмысына белсенді араласады. Ардагерлер кеңесі прокуратура басшылығымен, қалалық және аудандық прокурорлармен бірлесе жұмыс істеп, прокуратураның қоғамдық өміріне қатысады. Өз кезегінде прокурорлар тарапынан ардагерлерге тұрақты түрде қамқорлық жасалып, көмек көрсетіледі.
Біздің ардагерлеріміз облыстық прокуратура өткізетін шараларға және конкурстық комиссияның отырыстарына бақылаушы ретінде қатысады. Қоғамдық бастамалары бойынша азаматтарды қабылдайды. Мереке мен мерейтойлық датаға арналған салтанатты шараларға қатысады. Ардагерлердің белсенді қатысуымен Ақмола облыстық прокуратурасының «Әділ заңға адал қызмет» атты кітабы жарық көрді. Ол прокуратураның тарихы мен бүгінгі күніне арналған. Біздің ардагерлер бірлестігі облыстық прокуратура басшылығымен бірлесе жұмыс істейтінін атап өткен жөн. Олардың бастамасы бойынша біздің ардагерлерге моральдық және материалдық көмек көрсетіледі. Облыстық прокуратура мен ардагерлер бірлестігінің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны және көп жылғы адал қызметі, жастарға патриоттық тәрбие берудегі үлесі үшін біздің ардагерлерді Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және облыс прокуроры марапаттайды. Егде адамдар күні біздің ардагерлер облыстық прокуратура басшылығының және ардагерлер кеңесінің назарынан тыс қалмайды. Оларға сыйлықтар және азық-түлік пакеті табыс етіледі.
Облыстық прокуратура төтенше жағдай жариялаған кезде Ардагерлер кеңесі төрағасының қатысуымен Сәдуақас Бекболат, П.Прищепа, А.Чуприна, Н.Калинченко, Ильчанина азық-түлік пакетін табыс етті.
Өткен жылдың жазында облыстық прокуратура қызметшілерімен бірге Қазақ КСР-інің прокуроры болған Ғ.Елемесов, Көкшетау облыстық прокуроры болған Қ.Жүсіпов пен прокуратурадағы ардагерлер кеңесінің бірінші төрағасы болған В.Васьковский сияқты ардагерлердің зиратын қоқыстан тазаладық. Карантиндік шаралар кезінде біздің ардагерлерге онлайн режимінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы және Абайдың 175 жылдығына арналған челлендждер өткізілді. Бұл шараға ардагерлердің өздері, сондай-ақ, балалары мен немерелері белсенді қатысты. Г.Ілияшова челлендждер бойынша екі бейнеролик жасап ардагерлерге сыйлады. Бұл шаралардың қорытындысы бойынша ардагерлердің барлық балалары мен немерелері сыйлықтармен марапатталды. Олардың арасында белсенді ардагерлер де болды. Облыстық прокуратура өткізетін спорттық жарыстарға біздің ардагерлеріміз белсенді қатысады. Жыл сайын прокуратура органының ардагері, Ұлы Отан соғысына қатысушы С.Әміржановтың құрметіне арналып шахматтан турнир өткізіледі. Әртүрлі спорттың түрлері бойынша облыстық прокуратураның құрама командасы үшін Ш.Сансызбаев, И.Чайко, Т.Мұстафин сияқты ардагерлеріміз қатысады. Облыстық прокуратурамен одан әрі бірлесе жұмыс істеу барысында мұндай прокуратура ардагерлерінің сенімі мен көңіл-күйі олардың алдағы күнге деген сенімін нығайта түспекші.
Бақыт СҰЛТАНОВ,
облыстық прокуратураның ардагерлер кеңесінің төрағасы,
прокуратураның құрметті қызметкері,
Қазақстанның құрметті заңгері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар