Кәсіпкерлердің құқы бұзылмауы тиіс

Ақмола облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ақылбек Смағұлов пен Көкшетау қалалық көлік прокуроры Аңсаған Данагүл өзара бірлесіп еңбек ету жөніндегі меморандумға қол қойды.

Жиі болатын проблемалардың бірі – кәсіпкерлердің арнайы автоматтандырылған өлшеу жүйесінің жұмысына жазған арызы болып отыр. Тасымалдаушылар өлшеу аспаптарының көрсетуі дұрыс емес деп есептейді. Олардың GPS, САИС жүйесінде бекітілген тасымалданатын жүкке толтырылған құжаттары жүк мөлшерін артық көрсетеді екен. Бұл мәселе әртүрлі сұхбат алаңында, оның ішінде кәсіпкерлердің құқын қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңесте талай рет қаралды. Қазір ол өңірлік кәсіпкерлер палатасындағы сарапшылардың бақылауында тұр. Сондай-ақ, тасымалдау кезінде жүк мөлшерінің тиісті нормасын сақтау мәселесі бойынша көліктік бақылау инспекциясының жұмысына бизнестен арыз түсті. «Автокөлік туралы» Заңда тасымалдаушы және жүк жөнелтуші құқы мен міндеті айтылған. Яғни, автокөлікті тиеу үрдісінде көлік тасымалдау келісім-шарты бойынша жүк жіберуші қажетті жүк және көлем мөлшерін көбейтпеуі тиіс. Палата сарапшыларының айтуынша, өкілетті органдар автотасымалдаушыларға ерекше назар аударады. Олардың айыппұлын азайтып, контрактіңді бұзамын деп қорқытады. Бүгінгі күні кәсіпкерлік субъектілеріне ықпал ету тетіктері жетерлік.
Меморандум аясында екі жақ проблемалық мәселелерді шешу бойынша одан әрі бірлесе жұмыс істеуді межелеп отыр. Көлік прокуратурасы өз тарапынан көлік қызметі саласында кәсіпкерлердің құқын бұзудың кез-келген фактісіне жедел шара қолдануға міндеттеніп, кәсіпкерлік қызметтің реттелетін мәселелерінің заңнамасын жетілдіру жөнінде тиісті ұсыныс енгізеді. Ақмола облыстық кәсіпкерлер палатасы өз кезегінде бұл саладағы кәсіпкерлер құқын бұзудың кез-келген фактісі жөнінде жедел жариялайды.
–Көлік прокуратурасымен баяғыдан бері серіктестік қарым-қатынас қалыптасып, ол көптеген даулы мәселелерді шешуге ықпал етті. Меморандумға қол қойылғаннан бастап біздің ұзақ мерзімдегі біріккен жұмысымыз одан әрі жалғасады. Бұл бизнес құқын бұзу бөлігінде тиімді шара қабылдауға мүмкіндік береді. Көлік саласындағы барлық даулы мәселелер бойынша кәсіпкерлер прокуратураның 25-61-03 сенім телефоны арқылы сөйлесе алады,– деді Ақылбек Смағұлов.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 70 total views,  2 Views Today

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Өзге де жаңалықтар