«Қазақ үні» газетінің жүлдесіне ие болды

«Қазақ үні» газетінің жүлдесіне  ие болды

Таяуда «Ақ жол» партиясы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырған «Абай арманы – Тәуелсіз қазақ елі» атты халықаралық мүшәйраның қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.

Аталмыш жыр додасында ақ боз атының маңдайы жарқырап, Ақмола облысының абыройын асқақтатқан «Aqmola News» ақпараттық порталының тілшісі, әріптесіміз, ақын Майра Қуанышқызы Жұмабек Тәшенов атындағы «Қазақ үні» газетінің арнайы жүлдесіне ие болып, ақшалай сыйлықпен және «Қазақ Республикасына 100 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Халықаралық мүшәйраға 156 ақын қатысып, олардың 19-ы жүлдеге ие болды. Мүшәйрада жүлдеге ие болған ақындар қатарында Исрайыл Сапарбай, Азамат Тасқараұлы, Ерғали Бақаш, Әсел Оспан, Ұлмекен Лесбекова, Мирас Асан есімді басқа да танымал ақындар бар.
Жыр көгінде жұлдыздай жарқыраған әріптеске жазарыңыз көп болсын дейміз біз де!

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *