Күнсұлу – «Кішкентай ханшайым»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Көкшетаудағы «Достар» мәдениет сарайы қаладағы балабақша тәрбиеленушілері арасында «Кішкентай ханшайым-2021» онлайн байқауын ұйымдастырды.

Жас таланттарды анықтау, балаларды өнерге баулу, отансүйгіштікті насихаттау мақсатында өткен байқауға облыс орталығындағы 20-дан астам мектепке дейінгі мекеме қатысты. Байқаудың «Таныстыру» деп аталатын бірінші кезеңінде кішкентай арулар өздері жайлы мағлұмат берсе, екінші кезеңде өнерлерін ортаға салды. Ал, үшінші кезеңде тәуелсіздік тақырыбына дефиле көрсетті.
–Барлық қатысушылардың байқауға үлкен жауапкершілікпен, жақсы дайындықпен келгенін атап өткім келеді. Бүлдіршіндерді байқауға дайындаған балабақша тәрбиешілеріне, ата-аналарына алғысымызды айтамыз. Барлық бала жақсы деңгейде өнер көрсетті, – деген қазылар алқасының мүшесі, облыстық халық шығармашылық орталығының маманы Азамат Темірғалиевтың айтуынша, байқауда барлық балабақшалар белсенділік танытқан. Әсіресе, «Айша» балабақшасының тәуелсіздік тақырыбына өз қолдарымен тіккен «Алтын адам» стиліндегі көйлегі қазылар алқасын таңқалдырған. Осы ретте, аталған балабақша тәрбиеленушілерінің зор еңбегін айта кету керек.
Осылайша «Кішкентай ханшайым-2021» байқауының бас жүлдесін барлық кезеңдерде жақсы өнер көрсеткен «Айша» балабақшасының тәрбиеленушісі Күнсұлу Сабырғали жеңіп алды. Ал, жүлделі бірінші орынмен «Нұрбала» және «Сәуле» балабақшаларының тәрбиеленушілері Самира Жанбекова мен Ерлан Диляра марапатталған. Жүлделі екінші, үшінші орындар «Жұлдыз, «Әмина», «Мансұр», «Мирас» балабақшаларының тәрбиеленушілері Әмина Жәнібек, Жанна Иванова, Диана Денисенко мен Вероника Карабачқа үлестірілді. Сондай-ақ, байқауға қатысқан бүлдіршіндер Айдана Болат пен Анастасия Можаева арнайы аталымдармен марапатталды. «Аққу» балабақшасының тәрбиеленушісі Сара Галадий инстаграм желісінде ең көп қаралым жинағаны үшін жеңімпаз деп танылды.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар