Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді қамқорлық

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласында ашылған «Дарын-2» спорттық-дамыту орталығының жұмысымен танысып, осы орталықтағы логопед, психолог және тәрбиешілермен кездесіп, пікір алмасты.

Кездесуде облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше қажеттіліктері бар адамдарға кедергісіз орта қалыптастыру, қажетті нысандардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша алға қойған міндеттерін түсіндірді. Бұл ретте, «Дарын-2» спорттық-дамыту орталығы көкшетаулық мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен толық шұғылдануына зор мүмкіндік туғызып отыр.
Орталықтың жұмысымен таныса келе, Ермек Маржықпаев өңірімізде дені сау ұлт қалыптастыруға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.
– 2020 жылдан бастап Аршалы, Ерейментау, Есіл, Целиноград, Біржан сал сияқты облыстың бес өңірінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жүргізілуде. Аршалы және Біржан сал аудандарында аталмыш нысандардың құрылысы аяқталды, – деп атап өтті облыс басшысы.
«Ақмола облысының қоян-қолтық ұрыс федерациясы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Алма Хамитованың айтуынша, федерация өткен жылы облыс орталығында «Дарын» спорт кешенін ашыпты. Сағатына 80 адамды қабылдайтын кешеннің негізгі міндеті барлық жас санаттарындағы дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту, сондай-ақ, оларды бейімдеу және оңалту болып табылады.
Енді міне, аталмыш федерация өз мүмкіндіктерін кеңейтіп отыр. Жаңадан ашылған орталықта қоян-қолтық ұрыс, брэйк-данс, спорттық би, фитнесс-микс, хореография, шешендік өнер, мектепке даярлық үйірмелері жұмыс істейді. Орталықта барлығы 250 бала жаттығатын болса, оның 60-ы ерекше қажеттіліктері бар балалар. Олармен жұмыс істеуге логопедтер, психологтар, дефектологтар, емдік дене шынықтыру жаттықтырушылары, тәрбиешілер тартылады.
Биылғы жылға орталыққа мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында облыстық бюджеттен 53 миллион теңге қаржы бөлініп отыр.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар