Төтенше жағдайлардан қорғана білуіміз керек

Халықаралық Азаматтық Қорғаныс Ұйымының ІХ Бас Ассамблеясы қарарларына сәйкес жыл сайын 1-ші наурызда Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күні аталып өтіледі.

Бұл күннің тарихы 1931 жылы Женева аймағы қауымдастығы деп аталатын, яғни, әлемнің барлық елдерінде жергілікті аймақ қауіпсіздігін құру туралы халықаралық келісімдерге қол қоюмен басталды. Жыл сайын Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні нақты ұранмен аталып өтіледі. Оның биылғы жылғы таңдалған тақырыбы: «Ұлттық экономиканы сақтау үшін мықты Азаматтық қорғаныс». Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан тұрғындарды қорғау және әрекет етуге дайындығы – кәсіпорындар және шаруашылық нысандарында құрылған азаматтық қорғаныс құрылымдарының, аумақтық Төтенше жағдайлар органдарының негізгі міндеті болып табылады.
1997 жылғы қазан айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қаулысымен «Қазақстан Республикасы Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы Жарлығына бірігу туралы» заңы қолданысқа енгізілді. Біздің еліміз қызметінің негізгі бағыты мемлекеттердегі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою және алдын алу саласындағы үкіметтік органдардың үйлестірілуін күшейту болып табылатын халықаралық ұйымның беделді толық құқылы мүшесіне айналды. Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу әрекетінде мемлекеттің үйлестіруіне, оған тұрғындарды дайындауға, мүмкін болатын шұғыл жағдайларға ұлттық төтенше жағдайлар қызметтерін үйлестіруге бағытталған маңызды халықаралық акция болып табылады.
Ақмола облысында осы жылғы ақпанның 1-нен бастап наурыздың 1-не дейін азаматтық қорғау саласындағы айлық деп жарияланды, азаматтық қорғау және қорғаныс қызметтерімен атқарылатын, азаматтық қорғау туралы білімін насихаттауға және қазіргі қоғамның маңызды мәселелеріне назар аударуға бағытталған кешенді іс-шаралар жоспарланған. Бұл ретте, жасөспірімдерге көп көңіл бөлініп отыр. Білім беру мекемелерінде ашық және интерактивтік сабақтар, «Назар аударыңыз!» дыбысына объектілік машақтанулар, Көкшетау техникалық институты базасында, Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің шұғыл құтқару жасағында және де өрт сөндіру қызметінде ашық есік күндері ұйымдастырылып тұрады.
Бүгінгі күні күнделікті өмірде болып тұратын табиғи және техногендік апаттар, төтенше жағдайларды алдын алу, онымен күресу бойынша осындай іс-шаралардың ұйымдастырылуы өте маңызды. Ол халықты қысылтаяң шақта қандай да бір әрекет жасауға, тығырықтан шығуға үйретеді. Тіршілік қауіпсіздігі саласында дайындықты пысықтауға мүмкіндік береді.
Жалпы, Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күнін атап өту барысындағы барлық іс-шаралар халықтың қандай да бір төтенше жағдайға әрекет етуі туралы мағұлмат алуға бағытталған.
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар
департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар