Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа форматта жұмыс істейді - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа форматта жұмыс істейді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ақылбек Смағұлов кәсіпкерліктің мәселесі жөніндегі жобалық кеңсенің жаңа форматы туралы айтып берді.

2019 жылдан бері Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселесі жөніндегі жобалық кеңсе жұмыс істейді. Көптеген кәсіпорындар мемлекеттік қолдау шараларымен толық қамтылды. Бұл өндіріс көлемін сақтап, әлеуметтік міндеттемелерді орындауға мүмкіндік берді. Жобалық кеңсеге несие алу, ОКЭД кіру, мемлекеттік сатып алуға қатысу, отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселесі бойынша жолығады. Жобалық кеңсенің жұмысында 238 жоба болды. Оның 233-і қаржыландырылды.

–Аталмыш кеңсе аясында мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде кәсіпкерлердің даулы мәселелеріне кеңес береміз. Биылғы жылы Жобалық кеңсе барлық мемлекеттік бағдарламалардың, мемлекеттік органдардың, квазисектор мен табиғатты пайдаланушылардың сатып алуын қамтиды. Біздің міндетіміз субсидиялау, өндірісті алға жылжыту тәрізді мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін барлық жобаларға көмектесуге бағытталған. Алдымызда өңірдің экономикалық айналымындағы келешегі бар жұмыс істемей тұрған кәсіпорындарды тарту міндеті тұр. Бұл мәселеде оның толық қуатына жұмыс істеуіне ықпал ету бойынша шара жасау мақсатында өңдеуші кәсіпорындардың аз қуатының себебін анықтау керек. Осы орайда, ірі және орта бизнесті қолдау мақсатында ӘКК қаржыландырудың бар тетігі пайдаланылады. Стартаптарды қолдау үшін «Бастау» жобасының түлектерін қамтып, «Atameken-Agmola» бірге құрылатын МФО қолдау тетіктері арқылы жеңіл несиелеуді іске қосу жоспарлануда. Жұмыс деген жетерлік. Біз барлық отандық кәсіпорындарға қолдау көрсетуге дайынбыз,–деген палата директоры мемлекеттік сатып алу, қарапайым заттар экономикасы, жұмыспен қамту картасы, импортты ауыстыру жөнінде айтып берді. Брифинг соңында журналистер қойған сауалдарға тұшымды жауап берді.

Рамазан ТІЛЕУОВ, «Арқа ажарының» өз тілшісі . Суретті түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар