12 мыңнан астам медицина қызметкері «Спутник V» вакцинасымен егілді

1 ақпаннан бастап республика бойынша 22 мыңнан астам медицина қызметкері ресейлік «Гам-КОВИД-Вак» вакцинасының бірінші компонентімен егілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы хабарлады.

Айжан Есмағамбетованың айтуынша, 22 ақпанда вакцинаның екінші компонентімен егілу басталды. Бүгінгі таңда 12 мыңнан астам медицина қызметкері вакцина салдырды.

«Биылғы жылдың 25 ақпанынан бастап Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілген 93 мың доза көлемінде «Гам-КОВИД-Вак» вакцинасының екінші партиясын өңірлер бойынша бөлу басталды. Аталған вакцинамен медицина қызметкерлері арасында вакцинация жүргізуді аяқтау көзделеді және педагогтар арасында вакцинациялау басталды. Бірінші кезекте, вакцинацияны 1-5 сынып мұғалімдері арасында жүргізеді. Бүгінгі күні жедел деректер бойынша республикада 458 педагог вакцинацияланды, барлығы 4 адам өз еркімен бас тартқан»,- деді сарапшы.

https://ortcom.kz/kk/novosti/12-mynnan-astam-medicina-qyzmetkeri-sputnik-v-vakcinasymen-egildi

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар