Ұлттық инновациялар байқауы

Бұл байқауды Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі ұйымдастырып отыр. Байқауға мектеп оқушысынан бас-тап, ірі кәсіпорындарға дейін әртүрлі санаттағы өнертапқыштар қатыса алады. Байқау бес аталым бойынша өткізіледі. Олар: «Оқушылар арасындағы үздік инновациялық жоба», «Үздік жас ғалым», «Жылдың үздік рационализаторлық шешімі», «Кәсіпорында рацио-нализаторлықты қолдаудың үздік жүйесі», «Инновация тақырыбындағы үздік журналистік мақала».
Байқаудың жалпы жүлде қоры –
18 миллион  600 мың теңге. Байқауда жеңіске жеткен оқушылар, жас ғалымдар мен журналистер танымдық-білімдік сапар аясында Ұлыбританияға бару мүмкіндігіне ие болады. Ал, «Үздік жас ғалым» аталымының жеңімпазы Лондонда өтетін халықаралық байқауға жолдама алады.  
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар