НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі қанша адамға коронавирусқа қарсы екпе салынғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
9 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 33 279 адам бірінші компонентпен, 15 856 адам екінші компонентпен егілді. Еске сала кетейік, биыл Қазақстанда 6 млн адамға КВИ-ге қарсы вакцина салу жоспарланып отыр. Бұл ретте ресейлік «Спутник V» екпесі және отандық «QazCovid-in» вакцинасы қамтылмақ. Бұдан бұрын хабарланғандай, «СҚ-Фармация» ЖШС мен Ресей тікелей инвестициялар қоры (РФТИҚ) арасында жасалған өзара түсіністік туралы келісім аясында 2 млн астам доза жеткізу, препарат сынақтың барлық сатысынан өткеннен кейін оны 5 млн дозаға дейін арттыру жоспарланған. Айта кетейік, вакцинацияда вирустық антигендер қанға енгізіліп, иммундық жүйеге тікелей әсер етеді.
https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-33-myn-adamga-koronavirus-vakcinasy-salyndy_a3761960