Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жеке қауіпсіздігіңіз – өз қолыңызда! - АРҚА АЖАРЫ

Жеке қауіпсіздігіңіз – өз қолыңызда!

Алаяқтар азаматтарды алдаудың жаңа схемаларын ойлап табуда

Fingramota.kz олардың арбауларына қалай түсіп қалмау жөнінде айтып береді

Бүгінгі таңда өзекті проблемаға айналған бірнеше алаяқтық оқиғаларын,  сондай-ақ сіздің ақшаңызды қорғауға көмектесетін қарапайым мінез-құлық ережелерін қарастырайық.

 №1 мысал. Жалған сатып алушылар өз құрбандарына телефон соғып, тауарды сатып алғысы келетіндерін және алдын ала төлем енгізуге  әзір екендіктерін айтады. Бұл ретте, алаяқтар өздерін бухгалтерлер немесе фирмалардың директорларымыз деп таныстырып, ЖСН, картаңызбен байланыстырылған телефон нөмірін, банктік картаның нөмірін, ағымдағы және жинақ шотының нөмірлері сияқты деректемелерді атауды сұрайды. Сатып алушы деректемелерді атаған кезде олар ақша аударымын нақтылау үшін оның нөміріне жіберілген SMS-хабармен келген кодты айтып беруді сұрайды. Кодты аласымен алаяқтар клиенттің интернет-банкингдегі телефон нөмірін ауыстырады да шоттардан ақшаны шығарып алады. Әсіресе, бұл интернет-сауда алаңдарында жиі кездеседі, себебі онда сатушы мен сатып алушының арасындағы қарым-қатынасты ешкім реттемейді. Сондықтан, мұндай ресурстарда кез келген операция жасаған кезде бірнеше қағиданы еске сақтау қажет:

  • Ешбір жағдайда бейтаныс адамдарға жеке басты куәландыратын құжаттардың көшірмелерін қоса алғанда, өзіңіздің дербес деректеріңізді жібермеңіз;
  • Ешқашан төлем картасының деректемелерін: 16-таңбалы нөмірді, ұстаушының атын, қолданыс мерзімін, CVV/CVC-кодты (картаның артқы жағындағы үш таңбалы нөмірді)
  • Операцияларды авторизациялау және растау үшін ешкімге SMS-кодтарды, оның ішінде банк қызметкерлеріне хабарламаңыз;
  • Банктік карталарыңызды үшінші тұлғаларға (тіпті туыстарыңызға), соның ішінде кафелер мен мейрамханаларда төлем жасау үшін бермеңіз;
  • Карта жоғалған жағдайда дереу бұғаттаңыз және банктің жедел желісіне қоңырау шалып, барлық операцияларды тоқтата тұрыңыз, сондай-ақ шоттарды бұғаттау мақсатында барынша қысқа мерзімде банк бөлімшесіне барған жөн;
  • Банк қызметкерлері карта бойынша деректерді немесе алынған SMS-терді ұсыну талабымен клиентке ешқашан бірінші болып қоңырау шалмайды. Осы мәселелер бойынша кез-келген байланыс тек клиентпен басталады;
  • Егер сіз Интернет арқылы банктік картаны пайдаланып төлемдер жасап, сатып алсаңыз, күдікті поштаны ашпаңыз және белгісіз сілтемелерді баспаңыз. Олардың құрамында алаяқтарға компьютерден ақпаратты қашықтықтан бере алатын вирус болуы мүмкін;
  • Ұялы телефоныңызға шоттың барлық өзгерістері және жасалған транзакциялар бойынша ақпарат келуі үшін ұялы банк қызметін ай сайынғы төлем үшін қосыңыз. Осылайша, сіз өз картаңыз бойынша күдікті операцияларды жедел қадағалай аласыз.

№2 мысал. Сіз мобильді телефоныңызды жоғалтып немесе ұрлатып алдыңыз. Алаяқтар сіздің шоттарыңыздан ақшаны алып алады не жоғалған телефонның нөмірі бойынша интернет-банкингке тіркелу арқылы төлем жасауы мүмкін немесе қосылып тұрған мобильдік банкинг немесе  мобильдік қосымша арқылы кіре алады.

Бірінші кезекте банктің саll-орталығына немесе банктің жақын жердегі бөлімшесіне өтініш жасаңыз, сондай-ақ Интернет-банкинг арқылы өзіңіздің шотыңызды бұғаттау қажет.

Сонымен қатар жоғалған телефонның нөмірін мобильдік оператор арқылы бұғаттау қажет.

№3 мысал. Әлеуетті құрбанға өздерін банк қызметкерлеріміз деп  қоңырау соғады, оның банк картасы бойынша күмәнді операциялардың байқалғандығын мәлімдейді және оларды болдырмау мақсатында мынадай бірқатар деректемелерді: ЖСН, карта байланыстырылған телефон нөмірін, банк картасының нөмірін, ағымдағы және жинақ шотының нөмірін көрсетуді сұрайды. Бұл ретте олар үнемі психологиялық қысым көрсетеді, оларға бұл деректерді бермеген жағдайда, барлық ақша лезде жоғалып кетеді деп қорқытуы мүмкін.

Бұл жағдайда не істеуге болады? Тұтқаны қойып, сізге мобильдік телефондағы ақпаратты нақтылау үшін қызмет көрсететін банкке телефон соғыңыз, ең дұрысы банктің жақын жердегі бөлімшесіне барып, сіздің шотыңызға шабуыл жасау әрекеті туралы ресми өтініш жазыңыз. Ешбір жағдайда алаяқтармен диалогты жалғастырмаңыз және ешқандай ақпарат бермеңіз.

Банк қызметкерлерінің іс-қимыл регламенті бар, оған сәйкес банк қызметкерлері клиентке бірінші болып қоңырау шалмайды және карта бойынша деректерді, жеке деректерді не алынған SMS-ты беруді талап етпейді. Осы мәселелер бойынша кез келген сөйлесуге клиент қана бастамашы бола алады.

№4 мысал. Алаяқтар сіздің төлем карточкаларыңыздың деректемелерін алу мақсатында танымал интернет-дүкенді, банктің сайтын не фишинг сайт деп аталатын әлеуметтік желіні жасайды. Оған сілтеме қолданыстағы пошталық мекенжайлар базасы арқылы таратылады, оның ішінде сіздің де мекенжайыңыз болуы мүмкін.

Интернет-алаяқтардың алдауына түсіп қалмау үшін мынадай бірнеше қағидаларды еске сақтаңыз:

  • жеке деректеріңізді еш жерде көрсетпеңіз;
  • сайттың ресімделуіне көңіл бөліңіз;
  • мекенжай жолындағы сілтеменің дұрыстығын тексеріңіз;
  • қорғалған https қосылымын пайдаланыңыз;
  • күмәнді хаттарды іріктеңіз;
  • банктік аккаунттарға кіру үшін wi-fi-ға ашық кіру нүктелерін пайдаланбаңыз;
  • төлем нысанына көңіл бөліңіз. Сенімді интернет-дүкендерде ол жаңа терезеде ашылады және төлем жүйелерінің біреуінің (VISA, Mastercard) верификациясы болады.

№5 мысал. Жалған сатушылар сауда немесе ақпараттық алаңдарда жылжымайтын мүлікті немесе көлік құралын төмен бағаға сату туралы «шұғыл» хабарландыру орналастырады. Бұл ретте алаяқтар өздерін шетелдік фирманың қызметкері ретінде таныстырып, Қазақстаннан жұмыс бабымен шұғыл кетіп қалғанын айтып, төлем қабілеттілігін растау үшін жылдам ақша аударымдары арқылы өз туысының атына ақша қаражатын жіберуді сұрайды. Сатып алушы аударымды жүзеге асырған кезде, олар тексеру үшін-мыс аударым деректемелерін айтуыңызды сұрайды. Деректемелерді алғаннан кейін алаяқтар өз атына аударым жасайды.

Есіңізде болсын, кез  келген мәміле ресми түрде және заңды жолмен жасалуға және тіркелуге тиіс. Алдын ала төленген жағдайда да оны алу туралы жеке құжат (қолхат) жасалады.

Осы қарапайым, бірақ тиімді қағидаларды сақтау қаражатыңызды алаяқтардан қорғайды. Айтпақшы, бұл қағидалар қарт адамдар үшін өте маңызды. Өз туыстарыңыз бен жақындарыңыздың ешқашан алаяқтардың қолына түсіп қалмауы үшін оларға міндетті түрде бұл туралы айтыңыз.  Әрқашан есіңізде болсын, судың да сұрауы бар! Өздеріңіздің дербес деректеріңізді қорғаңыз, олардың жоғалғаны анықталған жағдайда дереу шоттарды, оларға байланыстырылған телефон нөмірлерін бұғаттаңыз және құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

 

Өзіңізге және ақшаңызға сақ болыңыз, Fingramota.kz бірге қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар