Шет елдік оқу орнымен меморандумға қол қойылды

Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Ресей Федерациясының Мәскеу облысындағы Е.М.Примаков атындағы гимназия-сымен «Серіктес мектептер» жобасы аясында әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Таяуда Zoom платформасында мектеп оқушылары Венгрияның оқушыларымен де онлайн кездесу өткізген еді.

Е.М.Примаков атындағы гимназия – көпсалалы инновациялық 2 жастан 18 жасқа дейін екі тілде білім беру кешені. Гимназия миссиясы әлемді жақсы жаққа өзгертетін көшбасшыларды тәрбиелейтін уәждемелік білім беру ортасын қалыптастыру болып табылады. Жоба аясындағы алғашқы кездесу «Заманауи әлемдегі көшбасшылық» тақырыбында өтті. Оның барысында Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Е.М.Примаков атындағы мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесті. Жиынның мақсаты заманауи әлемдегі көшбасшылықтың ерекшеліктері, сипаттамалары және сапасы туралы көзқарас қалыптастыру. Кездесу талқылау форматында өтті. Оның барысында қатысушылар қазіргі заманда қандай көшбасшылық қасиеттер керек және оларды қалай дамытуға болады деген сауалдарға жауап іздеп, өз ойларын ортаға салды. Кездесу соңында оқушылар көкейлеріндегі сауалдарын жолдап, өз ойларын ортаға салды.
Таяуда Zoom платформасында мектеп оқушылары Венгрияның оқушыларымен онлайн кездесу өткізді. Оқушыларға өздерінің қызығушылықтарын, әлеуметтік белсенділіктерін сипаттайтын бейнеролик әзірлеу туралы алдын ала тапсырма берілген болатын. Қатысушылар өздерін кезекпен таныстырып, бір-бірі туралы және ортақ қызығушылықтарын анықтады. Сондай-ақ, айтылған хоббиларды меңгеру кезінде туындайтын қиыншылықтар мен алғышарттар туралы сауалдарын жолдады.
Өз кезегінде қазақстандық оқушылар Венгрия жастарына мектептегі оқу үрдісі, өздері қатысып жатқан жобалар жайлы айтса, венгерлік оқушылар олардың оқу үрдісінің қызықты тұстары туралы айтып берді.
«Шет елдік оқушылармен танысу мүмкіндігі – бізді қоршаған ортаны тануға жасалған қадам деп есептейміз. Венгрия оқушыларымен арамызда көптеген ұқсастықтар, қызығушылықтар, болашаққа жоспар мен армандар сынды ортақ тақырыптар бар екенін аңғардық. Кездесу біздің көңілімізден шықты. Өз қатарластарымызбен танысып, көптеген қызықты ақпараттардан құлағдар болдық және мұндай кездесулер жиі болып тұрады деген үміттеміз», – дейді 11 сынып оқушысы Мария Дичковская.
Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар