Көзделген жоспарлы көрсеткіштер орындалуы керек

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев ағымдағы мәселелер бойынша аппарат кеңесін өткізіп, онда алдағы мереке күндерін ескере отырып, аудандар мен қалалар әкімдерінің, басқарма басшыларының назарын бірінші кезектегі тіршілік жүйелерінің жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету, жылдың алғашқы тоқсанының қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу қажеттігіне аударды.

Кеңесте салалар бойынша нақты көлем индекстерінің деңгейлері туралы есеп тыңдалды, осыған байланысты облыс әкімінің орынбасарларына нысаналы индикаторларды орындау бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Өңірдегі су тасқыны мәселесі де талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары Асқар Мұратұлы Целиноград және Атбасар аудандарында қар шығару жұмыстарының нашар жүргізілгенін атап өтіп, техниканың дайындығы, су айдындарындағы, әсіресе, көпір құрылыстары, жолдар маңындағы жарылыс жұмыстарының көлемі туралы баяндады. Облыс әкімі жақын арада төтенше жағдайлар департаменті мен су тасқынына қарсы комиссиясына бірлескен отырыс өткізуді тапсырды.
Өңір басшысы Аршалы ауданы Бұлақсай ауылындағы мектепте орын алған булардың жиналуына байланыс-ты қазандық жабдықтарының жарылу оқиғасына жеке тоқталды.
– Осыған байланысты біз тиісті сабақ алуымыз керек. Қазандық сенімді басқаруда, бірақ, ол мектеп аумағында жеке тұрған ғимаратқа шығарылмаған. Жақын арада әлеуметтік нысандардағы қазандық ұстаушыларымен осындай оқиғаларға жол бермеу туралы бірлескен «Жол картасын» әзірлеу қажет, – деп атап өтті Ермек Маржықпаев.
Кеңес соңында жылу беру маусымын өткізу, бірінші кезекте қажетті тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу, сондай-ақ, Наурыз мейрамын мерекелеу мәселелері талқыланды. Үстіміздегі жылы эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық іс-шараларды онлайн форматта өткізу ұсынылды. Мәдениет және ішкі саясат басқармаларына мерекелік іс-шаралардың форматтары мен көрсетілу күндерін ақмолалықтарға жеткізу тапсырылды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар