Жерлестеріміз – жеңіс тұғырында

Жерлестеріміз – жеңіс тұғырында

Ақмолалық кір тасын көтерушілер ел чемпионатында жүлделі орындардан көрінді. Жерлестеріміз қоржынға екі күміс және алты қола медаль салды.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жарыс Ақтөбе қаласында өтті. Оған Ақмола облысының Атбасар, Астрахан, Сандықтау және Жарқайың аудандарынан 16 спортшы қатысты. Чемпионат барысында жерлестеріміз намысты қолдан бермеуге тырысты. Тартысты өткен сайыста Жамбыл Оспанов пен Владимир Прохоров екінші, Михаил Анастасияди, Роман Корж, Максим Шмит, Владислав Палухин, Андрей Дулин және Ернұр Дәрменов жүлделі үшінші орыннан көрінді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *