Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елорданың «жасыл белдеуі» одан сайын көз сүйсінтетін болады - АРҚА АЖАРЫ

Елорданың «жасыл белдеуі» одан сайын көз сүйсінтетін болады

Кезінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған елорданың «жасыл белдеуін» жасау бағдарламасын іске асыруда негізгі міндеттің бірі Ақмола облысының орман қызметкерлеріне жүктеліп келе жатқаны белгілі. Осы орайда, бүгінгі күнге дейін қыруар жұмыс атқарылып, қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласы мен Щучинск-Бурабай курорттық аймағының арасын жасыл желекпен қосу жөніндегі істер де табандылықпен ілгері апарылуда. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында осы жөнінде тілшімізге Ақмола облыстық табиғи ресурстарды және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Руслан Әубәкіров баяндап берген еді.

– Бүгінгі күні «Нұр-Сұлтан-Щучинск» бағытындағы қашықтығы 160 шақырым автожолдың бойына отырғызылған ағаш көшеттерінің жалпы алқабы 2 575 гектарды, ені 250-500 метрді құрайды. Мұнда 6,3 миллион түп қарағай, қайың, қарақат, алма тәрізді өзге де ағаш пен тал көшеттерінің 11 түрі екі кезеңде отырғызылды. Бірінші кезең 2009-2016 жылдары жүргізілді. Алғашқы жылы Шортанды, Ақкөл, Бұланды және Бурабай аудандарының жеріне жасыл желек отырғызу үшін жердің жарамдылығы зерттелді. Келесі жылы ағаш көшеттері таңдалып, көшет отырғызудың сұлбасы мен жобалық-сметалық құжаттамасы жасалды, экологиялық сараптама жүргізілді. 2010 жылы Шортанды, Ақкөл, Бұланды және Бурабай аудандық әкімдіктері «Мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскелерін алып қою жөнінде» қаулы қабылдап, 1828,7 гектар жерді бөліп берді. Ағаш көшеттерін отырғызумен, күтумен және қорғаумен Ақмола облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Ақкөл», «Отрадненский», «Ұрымқай», «Кеңес» орман шаруашылықтары айналысты.
2011 жылы ағаш көшеттерін отырғызу үшін топырақ дайындалды. Қажетті техника, тіркеме, қондырығылар мен инвентарь сатып алынды. 2012 жылы 1828,7 гектар алқапқа 4,5 миллион түп жасыл желек отырғызылды, күту жұмысы жүргізілді. Келесі жылы 4 мәрте күтім жұмысы жүргізілді. Сондай-ақ, 409 гектар алқапқа 1 миллион дана қарағай, қайың, қарақат тәрізді ағаш көшеттері отырғызылды. 2014-2016 жылдары механикаландырылған және қолмен күту жұмысы жүргізілді. 2016 жылы 1828,7 гектар алқапқа 2012 жылы отырғызылған ағаш көшеттері орман санатына ауыстырылды. Бұл орман флора мен фаунаға бай. Жақын елді мекендердің жергілікті тұрғындары жидек тереді. Екінші кезең 2013-2022 жылдары жүргізілуде. Алғашқы жылы Астана-Щучинск автобанының ені 2 шақырым болатын екі жағы бойынша мың гектар алқапта топырақ зерттеу жұмысы жүргізілді. Алқаптың 747 гектары жарамды болып шықты. Келесі жылы жобалық-сметалық құжаттама жасалды. 2015 жылы Ақкөл, Бұланды және Бурабай аудандық әкімдіктері «Мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскелерін алып қою жөнінде» қаулы қабылдап, 747 гектар жерді бөліп берді. Бұл жер учаскелері орман шаруашылығына берілді. Шекараны көшіру жұмысы жүргізілді, мемлекеттік акті дайындалды.
2016-2017 жылдары 2 жылдық қара пар жүйесі бойынша топырақ өңделді. 2018 жылы 747 гектар алқапқа қайың, қарақат, алма тәрізді 1,8 миллион дана ағаш көшеті отырғызылды. Келесі жылы 464 мың дана ағаш көшеттері отырғызылды, олар күтімге алынды. 2020 жылы ағаш көшеттеріне механикамен және қолмен күтім жасалды. 2021-2022 жылдары ағаш көшеттерін күту жұмысы жүргізіледі, ағаш көшеттері орман санатына ауыстырылады. Үшінші кезең 2021 жылдан басталады деп жоспарланған. Бұл бағыттағы жұмысты жалғастыруға қатысты Елбасының тапсырмасын орындау барысында Ақкөл ауданы мен Щучинск-Бурабай курортты аймағының орманын астананың жасыл белдеуімен қосу жұмысының 3 кезеңі аясында, сондай-ақ, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында орман қорына бес жылдың ішінде 2 миллиард ағаш көшеттерін отырғызу жөнінде айтылған тапсырмасын орындау аясында биылғы жылы 2500 гектар алқапта топырақ зерттеу және жобалық жұмыс жүргізу жоспарланған. 2022 және одан арғы жылдары ағаш көшеттерін отырғызу үшін топырақ зерттеліп, жобалық-сметалық құжаттама, ағаш көшеттері таңдалып, оны отырғызудың сұлбасы жасалады.
Әңгімені жазып алған Рамазан ТІЛЕУОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар